Сіз жаңа көлік алғанда оған крэш-тест өткізесіз бе? Әрине, жоқ! Оған шаң жуытпай, таза ұстап, тек жақсы жанармай құйып, жақсы сервис орталықтарына жөндеуге, қарауға апарасыз. Олай болса, неге сіз адамға және қарым-қатынастарыңызға сондай ұқыптылықпен, сүйіспеншілікпен, мейіріммен қарамайсыз?
Бір-біріңізге тиісу, ұрыну неге әдеткі әрекетке айналған? Жолдасыңның жүйкесін тоздыру неге сонша қуаныш әкеледі? Қарым-қатынастың беріктігін сынаудың не қажеті бар?
Кекету, мысқылдау – агрессияның белгісі. Негізінде, ауыр тигізу мақсаты кейде тек ойын үшін деген бүркеншік атпен басталады. Сондықтан, келесі рет сүйікті адамыңызды мазақтамас бұрын өзіңізге «мұның не қажеті бар?» деген сұрақ қойыңыз.
Серігіңіздің әлсіз жерлеріне ине қадай бермеңіз. Бұл жалғанда ешбір адам мінсіз емес.
Бір-біріңізге жақсылық жасауда одан алғыс алу не көмек дәмету үшін емес, сол адамға деген сүйіспеншіліктің нәтижесіндегі әрекет ретінде болуы керек.
Бір-біріңізге қамқор болыңыз. Бұл парыз емес, ақылды адамның айтқан кеңесі емес, бұл сіздердің қарым-қатынастарыңызды берікті ету мақсатында жасалуы керек. Өзімшілдік дегенді ұмытыңыздар. Жаныңызға жақын адамыңыздың амандығы, саулығы мен тыныштығын ойласаңыз, ол, өз алдына, сізге жауап қайтарады.
Ақылды әйел және дана әйел
Ақылды әйел және дана әйел 2
Ер адамға ойыңызды дұрыс жеткізе біліңіз
Сурет: Ерлан Қыдыров