Тағылымды сөз айтқан даналарымыз: «Бір ауыз сөз жазады, мың көңілдің жарасын, бір тәуекел бұзады, мың қайғының наласын» дейді екен. Сөз сөйлей білудің өзі де үлкен өнер. Ендеше, қалай сөйлегенде басқалардың назарын аударуға болады?
Ыңғайсыздықта қалған адамға бір ауыз араша сөз айта біліңіз. Басқаларға көмектесу тек ақша, еңбек, уақыт жағындағы қолғабыс қана емес. «Жақсы сөз – жарым ырыс», осындай бір ауыз сөзіңіздің өзі ол адам үшін өте маңызды болмақ. Сәтсіздікке ұшыраған жандарға бір ауыз шабыттандырар сөз айта біліңіз. Сөз жанға шуақ, тірлікке тыныс, сенім бағыштайды. Не істерін білмей дағдарған жанға бір ауыз толғамды түйін, ақыл айта біліңіз. Сол алтыннан қымбат бір ауыз лебіз оны әрі-сәрі күйден арылтып, серпілтуі мүмкін. Жақын жанашыры алыста қалған немесе жоқ жандарға бір ауыз қолдау айтыңыз. Жанында сүйенер жанашыры жоқ адамдардың өзіне сенімі аз, ол басқалардың өзін қолдап-қуаттауынан күш алады. Сосын да, мұндай жандарға кезіккенде, оларға медет беретін сөздерді айта білу маңызды.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: socialconfidencecenter.com