Бойыңызда қажетсіз қасиеттер бар ма?

Бойыңызда қажетсіз қасиеттер бар ма?
Фото: Colors.life

Әр адамның бойында кемшілік бар. Алайда барлық адамға ортақ кемшіліктер де жетіп артылады. Солардың бір қатарын назарларыңызға ұсынып көрейік. Сіздің бойыңызда қайсысы бар екенін анықтаңыз. Осы қасиеттерден құтылсаңыз, өмір жеңілдей түседі.

Өзгерістерге қарсы келуді қойыңыз. Үзіліс – бізге ары қарай өрге жылжуымыз үшін аса маңызды. Ол бізді, өмірімізді, қоршаған ортамызды тек жақсы жағына бағыттап, өзгертеді. Онсыз барлығы еш қызықсыз болар еді. Өзгеріс бізге барлығын жақсы жағына құбылтуға зор мүмкіндік береді.

Әрдайым өз дегеніңізді істеуге, дәлелдеуге ұмтылмаңыз. Ол жап-жақсы қарым-қатынастың тамырына балта шабудан басқа пайдасы болмайды. Жай ғана өз айтқаныңызды мойындатамын деп өзге біреудің жанын жаралап, күйзеліске түсіресіз. Оның пікірін өзгертемін деп тыраштанғанша, бір сәт кемшілікті өзіңізден іздеп көргейсіз.

Өз-өзіңізді сөге беруді тоқтатыңыз. Көп адам өзінің жаман ойларымен барлық жамандықты өзі шақырып алатынын білмейді. Естияр ақылыңыздың айтқанының барлығына көне бермеңіз, бір мезгіл жүрек үніне құлақ түріңіз. Жаныңызды бөлек ұғым ретінде алып қарасаңыз, ол сіз ойлағаннан әлдеқайда көп жетістікке жетуге қауқарлы екеніне көз жеткізесіз.

Өткенмен өмір сүруді доғарыңыз. Иә, естеліктерді естен шығара салу оңай емес екенін білеміз. Алайда естеліктер бір нәрсені қайта-қайта ойға ала бергеннен естен шықпайтын болады. Ал сіз тек жақсы нәрселерді ғана ойлаңыз. Бізге мынаны түсіну керек: өткен шақтағы істердің барлығы сабақ болуы үшін жіберіледі, ал болашағымыз – өз қолымызда.

Кінәлау сезімінен арылыңыз. Қолыңызда барын не жоғын сезінетініңіз әлде сезінбейтініңіз үшін өзгелерді кінәламаңыз. Энергияңызды шаң-тозаңға айналдырмаңыз, өз өміріңіздегі бар жауапкершілікті өзіңіздің ғана мойныңызға алыңыз.

Ақтала бермеңіз. Өз-өзімізден ақталамыз деп жүріп рухани жетілуді шектеп, тоқтатып тастаймыз.

Сыннан сақ болыңыз. Барлығы сіз ойлағандай болмай жатса, адамдардың ойы сізбен бір жерден шықпай жатса, сынап ала жөнелмеңіз. Барлығы тағдырға байланысты.

Бақылауды доғарыңыз. Барлығы сіздің қадағалауыңызбен болуы міндетті емес. Оқиғаны жіті қадағалап, адамдардың қадемін қадамын аңдып отыруды тоқтатыңыз. Жақындарыңызға, туыстарыңызға, достарыңыз бен әріптестеріңізге қалай қаласа, солай әрекет етуге мүмкіндік беріңіз.

Өзгелер алдында жақсы көрінем деп аса әурешілікке салынбаңыз. Қандай болсаңыз, өзіңізді үнемі солай ұстауға тырысыңыз. Әр ортада әртүрлі кейіппен жүру, орнын білу деген ұғым да бар. Алайда өз болмысыңыздан аттап кетпеңіз.

Қорқыныштан құтылыңыз. Қорқыныш деген – тек сағым ғана, ол өмірде жоқ, біз оны өзіміз шығарып аламыз. Миымыз осындай «таңғажайыптарды» жасап шығаруға шебер. «Қорыққанға қос көрінеді» деген сөз бекер айтылмаса керек.

Өмірге өкпе артпаңыз. Әрдайым адамдарға, жағдайға, оқиғаға көңіліңіз толмай жүре ме? Осы ойыңыз сізді мұңға батырады. Сіздің бақытсыздығыңызға, өзіңізден, өз ойыңыздан өзге кінәлі жоқ.

Басқалардан бір нәрсе күтуді тоқтатыңыз. Өмірде ешкім ешкімге міндетті емес. Ешкімнен ештеңе күтпесеңіз, өмір әлдеқайда жеңілірек болады.

@. @assel_assanova