- Негізгі бет
- Психология
- Бойымызға сенімділікті қайтарайық!...
Бойымызға сенімділікті қайтарайық!
Өзімізге деген сенімді жоғалту арқылы көп қиыншылыққа тап болуымыз мүмкін. Бұл қиыншылықтар сабақтан, жұмыстан, тіпті достармен бірге өткізген қызықты сәттерден ләззат алуға кедергі жасайды. Осындай жағдайға тап болмас үшін, өзіңізге сенімділікті қайтарудың жолдарын іздеңіз.
1. Өзіңізді бағалаңыз. Әдетте өткен өмірге өкпесі бар адамдар сенімсіздік танытады. Алайда материалымыздың басты тақырыбы бұл емес. Өзіңіздің осал тұстарыңызды мойындай отырып, қай жағынан мықты екендігіңізді де анықтағаныңыз жөн. Не нәрсені ұнатып, ұнатпайтындығыңызды білу арқылы мінезіңізге толық сипаттама бере аласыз.
- Жасаған істеріңіз үшін еш уақытта ақталмаңыз. (Егер ешкімге қатысы болмаса).
2. Салмақ салуды қояйық. Жер бетінде қаншама адам бар. Ал біз болсақ бар ауыртпалықты әлемде өзіміз ғана жүргендей арқалаймыз. Қанша жерден мықты болсақ та, әйтеуір бір салада жеңіліс табуымыз мүмкін екенін ұмытпайық. Бастысы қателіктерден сабақ алу.
3. Шамаңызды біліңіз. Қателіктеріміз бен сәтсіздіктерімізді ұмыту мүмкін емес, дәл қазір жетістіктеріңізді есіңізге түсіріңізші. Өзгелер мен жайында не ойлайды деген ойдан аулақ болыңыз. Өзіңізді мақтан тұтуға құқыңыз бар.
- Мұнымен қатар ол жетістіктеріңізді қағаз бетіне түсіре аласыз. Нақтырақ жазуға тырысыңыз.
4. Өткен өміріңізге көз жіберіңіз. Балалық шағыңыздан бастап осы күнге дейін өміріңізді көз алдыңызға елестетіңіз. Бұрын-соңды не нәрсені мақтан тұтып, тамсанатын едіңіз? Бойыңыздағы сенімділігіңізді қандай оқиғадан кейін жоғалттым деп ойлайсыз? Өткен уақытта өте белсенді болғандығыңызды еске түсіру арқылы қалпыңызға келе аласыз.
- Мүмкін бала күніңізде көршінің балаларымен бірге ойнап жүрген кезде аз сөйлеп, үйге келген кезде ашылатын болған шығарсыз. Мүмкін мектеп қабырғасында нашар оқыған боларсыз? Психолог мамандардың айтуынша, бойымыздағы сенімділік біз туралы елдер не ойлайды деп ойлай бастағанымызда жоғалады екен. Сол себепті өзгелердің пікірі туралы аз ойлаңыз.
5. Жетістікке жетпейінше ұмтыла беріңіз. Бойымыздағы сенімділіктің бір күнде келе салмайтыны анық. Бірақ оны қайтаруға бағытталған іс-әрекетке бүгіннен бастап кірісе аламыз.
- Бойыңыздағы сенімділікті көрсету үшін ым-ишара тілін пайдаланыңыз. Отырған кезде тік отырыңыз. Жүрісіңіз барынша сенімді, ал адымдарыңыз жеңіл болсын. Жан-жағыңызға жалтақтап қарай берудің орнына күлімсіреңіз. Сөйлесіп отырған адамның көзіне тік қараңыз;
- Күлкі де есінеу секілді жұқпалы;
- Көркем киініп жақсы әдеттерді қалыптастырыңыз.
- Көбірек қарым-қатынаста болыңыз. Даусыңыз анық әрі сазды шықсын. Қобалжып тұрсаңыз да көбірек сөйлеуге тырысыңыз. Сөзшең адам болып көрінуден қорықпаңыз. Адамдар мұндай жандарды ашық жарқын әрі өзіне сенімді адам екен деп қабылдайды.
6. Нар-тәуекелге барыңыз. Кейбір істердің қолыңыздан келмейтінін білесіз. Әр күн сайын жаңа дүниелердің дәмін татып көріңіз. «Табыс сенімді адамдарды ұнатады». Қандай жолды таңдасаңыз да, нар-тәуекелге барып, жаңа істермен айналысыңыз.
- Өзіңізге жайсыздық сезімін сыйлайтын істемен айналысып үйреніңіз. Мысалы, бұрын-соңды сізге ғашық болған жандар мазаңызды алған кезде қашатын болсаңыз, бұл жолы қарсы жауап қайтарып көріңіз.
7. Осыларды жүзеге асырыңыз. Сенімділікті қайтару көп уақытты талап етеді. Әрдайым жаттығумен болыңыз. Позитив әрдайым негатив эмоцияларды жеңіп отырады. Яғни бастапқыда көрініс табатын жасандылық, артынша әдетке айналып, мінез болып қалыптасады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: wikihow.com, вк желісінен
Қ. Бүйенбай