Қоғамда «Адам өз-өзіне жау» сынды пікір қалыптасқан. Бұл сөз құлаққа жауыр болып естілсе де, астарында шынайылық бар екенін сезуге болады. Біз үнемі кемелділікке ұмтыламыз деп өзімізді тығырыққа тірейміз. Артынша қатты шаршаймыз. Барлығына қол сілтеп, ешкім танымайтын аймаққа кетіп қалғымыз келеді. Олай болса, бойжеткендер бас тарту арқылы бақытқа қол жеткізе алатын әдеттерін ұсынамыз.
Үнемі кешірім сұрау. Зерттеу нәтижесіне сәйкес бозбалаларға қарағанда бойжеткендердің көбірек кешірім сұрайтыны анықталды. Әрине жауапкершілікті мойнымызға алып, шалыс басқанда кешірім сұрағанымыз жөн. Алайда даяшыға қосымша тапсырыс бергеніміз үшін, немесе кездесуді кейінге қалдырғанымыз үшін кешірім сұраудың реті жоқ. Мұның пайдасынан зияны басым десек те болады. Өзіңізді құрметтеңіз.
Өзгелерге үнемі «ия» деп жауап беру. Мен қатты шаршап тұрсам да, сізбен шай ішуге келісемін. Ия, менің қолым бос болмаса да, сіздің түйіндемеңізді жөндеп берейін. Бір нәрсеге толықтай сенімді болмасаңыз да, ия деп жауап қайыру әдетінен арылғаныңыз дұрыс. Адамдар шекара қоя білетін жандарды ғана сыйлайды.
Өзіңізге «жоқ» деп айту. Бойыңыздағы сенімсіздігіңіздің салдарынан тәжірибе жинақтау мүмкіндігін жіберіп аласыз. Сол себепті, сөзіміз жараспайды деген адамдармен қарым-қатынасқа түсуден қорықпаңыз. Өзіңізді жалақы немесе шәкіртақы алған кезіңізде еркелетіп тұрыңыз.
Тамақты дұшпанымыздай көру. Біздің мүсініміз мінсіз, ал шашымыз жібектей селдір болуы тиіс. Осындай стандарттарға жетеміз деп дәмді тамақтан бас тартуымыз да ғажап емес. Әрине кез келген тамақты жей беріңіз немесе көп мөлшерде жеңіз демейміз. Бар болғаны не жесеңіз де, дәмінен ляззат алуды ұмытпаңыз. Бұл туралы Нора Эфрон «Мен махаббат мәселесіне келгенде көп қателік жібердім. Алайда сол уақыт аралығында жеген картоптарым үшін еш уақытта өкінбеймін» деген екен.
Сіз де осындай қателіктер жібересіз бе?
Жалғасы бар...
Сурет:©Любовь Харламова
Оқи отырыңыз:
Су маникюрі
Неге ер адамдар тыңдай білмейді?
Бір түске деген құмарлық нені білдіреді?
Егер жігітіңнің досы көп болса