Бойжеткен-бозбала және махаббат

Бойжеткен-бозбала және махаббат

Жігіт көңілі қимылынан, қыз көңілі күлімсіреуінен білінеді;

Қыз өзі ұнататын жігітті сүйсе, жігіт өзі ұнататын қызды пір тұтады;

Қыз жігіттің жүрегін сүйсе, жігіт қыздың көзіне құмартады;

Бір қызға бола қасірет пен азапқа қалу жігіттің осал тұсы және аңқаулығы, бір жігітке жығыла жабысу қыздың ең өкінерлік тұсы;

Жігіттер әдебиетке құлаш ұрып өз даңқын шығарғысы келеді, қыздар әдебиетке елітіп дүниені өзіне баурап алмақшы болады;

Ақылды қыздың өзі тамаша оқулық, оқыған сайын адамдарды өзіне тартып отырады. Абзал азамат тұрған бір байтерек, мәуесіне саялаған сайын жаның жай табады;

Махаббат қашанда қызды ширатып алғырлыққа, жігітті бойкүйездікке жетелейді;

Махаббат құр долбарға көнбейді, өз айдынында белгіленбесе, оны махаббат деп емес, қайта жай ғана білісу деуге болады;

Махаббат кіршіксіз, ұлы адамдардың қай-қайсысы да махаббат алдында қарапайым бейнеде бой көрсетеді. Махаббат алдында ұлы көрінгісі келетінгісі келетіндер жай адамдардың қатарынан шығады;

Ұзақ уақыт бойдақ жүргендер асығыс той жасап, бір мезет жалғыздықтан құтылғанмен, оның ақыры жалғыздықтан да ауыр қасіретке ұласады.

Қимылына қарап сүйсіну тілмен жеткізген сүйіспеншіліктен әлде қайда өрелі, әлде қайда ләззатты келеді.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: 52desktop.cn

M. Auelkhan