Жігіт біткен жаратылысынан ерекше. Бірақ жұмбақ емес. Сырын бірден ашып қояды. Ал әйел заты оны бірден аңғарады. Бәлкім бірінің әлсіз, бірінің күшті тұсы да осы болар. Дегенмен жігіт үшін бойдақ өмір аса бір алаңдарлық дүние болмас. Себебі қыз баласына қарағанда отыз жасқа дейін жүруге болады деп табатындар бар. Бірақ бойдақ өмірдің құны – бос уақыт.
Жігіт ес біліп, жетілген соң ең бастысы сүйікті жарын кездестіріп уақыт созбай оған қол жеткізіп, отбасын құру керек. Олай болмаған жағдайда оның басты қателіктері көбейе бермек.
Бойдақ өмірдегі басты қателіктер:
Тапқанын шашумен, демалумен, ойын-сауықпен далаға жібереді;
Жауапкершіліктің иісі де шықпайды;
Уақыт өте келе қыз баласынан жерініп, көңілі қалады;
Қара бастың қамын ойлап, біреу үшін өмір сүруге талпынбайды;
Үрей мен күдік қатар жүреді;
Ақыры өзі күткен емес, өзіне сай емес адамға жолығуы мүмкін;
Жетілу үдерісі тоқтап, бозбала шағында қалып қоюы мүмкін. (Түрлі ойын ойнап, арзан күлкіге мас болу)
Ең дұрысы бойдақ өмірдің ләззатын бастан кешпей тұрып, отбасын құрып өмірге тура әрі шынайы көзбен қарау керек.