- Негізгі бет
- Психология
- Бос уақытты ақшамен...
Бос уақытты ақшамен өлшеу дұрыс па?
Сіз де бос уақытыңызды ақшамен өлшейсіз бе? Барлығын солай қарастырған соң, сіздің де сол көпшілік жағында екеніңіз анық. Ал егер қалың жұрттың ұстанған осы бір қағидасы дұрыс болмай шықса ше?! Көпшілікпен көре жатармыз дерсіз. Бірақ өз өміріңіз, өзіңіз үшін өмір сүргенге не жетсін?..
Канадалық зерттеушілер өздерінің бос уақыттарын ақшамен өлшейтін адамдар тітіркенгіштік сезіміне тап болғанын анықтады. Сол қатарда, мұндай сезім-түйсік қаржыға қаттыссыз тұста бақыт туралы сезімді әлсірететін көрінеді.
Демалып ақша табу
Ғалымдар "Уақыт–ақша" ұғымы адамдардың демалыс турасында айтқан ойларына бір әсері бар деген тоқтамға келді. Атап айтқанда, эксперименттердің бірінде осы ұғымда жүрген адамдар бос уақытқа шыдамсыздықтары мен қанағаттанарлық сезімдерінің нашарлығын жеткізген.
Алайда, келесі бір экспериментте олар бос уақыттары (олар музыка тыңдаған) төленгенде, үлкен қанағаттанарлық сезім алып, аз шыдамсыздыққа ұшыраған.
Эксперимент қорытындысы көрсеткендей, уақытты ақшамен өлшеу ұстанымы уақытты сезіну турасындағы ішкі өлшемімізді өзгертетін болып отыр.
Зерттеушілер зерттеу қорытындысы қоғамның қазіргі таңдағы еңбек өнімділігіне қатысты тұста үлкен мән-маңызға ие екендігін алға тартады. Және соңғы он жылдықтардағы сағатқа төлеу ақысының өсуі жайбарақаттылық пен демалысқа үлкен әсер еткендігін баса назарға алады.
Жан баласы уақытты ақшамен өлшеуін доғарып, өзіне толыққанды демалыс сыйлауы қажет. "Уақытты ақшамен өлшеу ұстанымы сіздің дәулеттілігіңізге де кері әсерін тигізуі мүмкін", – дейді зерттеушілер.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: vk.com
Л. Лига