- Негізгі бет
- Психология
- Болмашы ағаттықтың зардабы...
Болмашы ағаттықтың зардабы
Кейде «Біз не үшін өзімізді 100% қызметке арнауымыз керек?» деген сұрақ қоюымыз мүмкін. «Өзін атқарып отырған жұмысына 99,99% арнаса да, жеткілікті емес пе?» деген сұрақ та туындауы мүмкін. Төменде осы мыңнан бір үлес ағаттықтың соңы қандай зардаптарға әкеліп соғатынын қарастырып көрейік. Көпшілік алда-жалда өзінің жұмысқа 99,99%-ын ғана арнайтын болса, онда:
Сағатына 16 мың пошта жолдамасы жол бойы жоғалады;
Сағатына 22 мың дана ақша чегі басқа біреудің атына ағат жолданады;
Чикаго халықаралық әуежайында әр күні екі ұшақ қону барысында қатерге жолығады;
Күніне жаңа өмірге келген 50 нәресте ата-анасына ағат табысталады, яғни ауысып кетеді;
Шипаханада аптасына 500 рет операция жасауда ағаттық кетеді;
Дәрігерлер қауымы жылына 20 мың адамға дәрі беруде ағаттық жасайды, яғни науқас адамға қате дәрі беріледі;
Жоғарыдағы 0,01% жауапкерсіздік және т.б. себептер салдарынан жүрегіңіз жылына түрлі себептермен 32 мың рет артық соғады.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: oxfam.org.hk
M. Auelkhan