- Негізгі бет
- Психология
- Болашақ жазушыға кеңес...
Болашақ жазушыға кеңес
"Қазір кімнің қалтасы қалың, соның кітабы бар"– деп заманды жазғырамыз. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, әрбір адамның қолынан кітап жазу келеді. Тек біреулерге сауаттылық, ал біреулерге сол істі бастау үшін жігер жетіспейді. Оқырмандарымыздың арасында жазушы болуды армандайтын жандар барын біз жақсы білеміз. Сондықтан болашақ жазушыларға арналған кеңестерді ұсынамыз.
Көптеген шығармашылық адамдар кітап жазу іш пыстарарлық, әрі баяу жылжитын жұмыс екенін ұмытып, қиялға бой алдырады. Ойындағы керемет оқиға желісін қағазға түсіру сіз ойлағаннан әлдеқайда қиын. Кәсіби жазушылар кітапты бірнеше қайтара жазуды ұсынады. Өйткені, сіз әр парағын жетілдіремін деп жүргенде арада жылдар өтіп кетуі мүмкін. Ал, сол уақыт аралығында сіздің өмірлік көзқарасыңыз өзгереді. Бір оқып шығып, қате табатыныңыз сөзсіз...
– Өзіңіз үшін жазыңыз
Әрине, оқырманды ойлаған жөн. Бірақ, өзіңізге қозғап отырған тақырыбыңыз қызық болмаса, нәтижесі сіз ойлағандай болмайды. Кей жазушылар, өзіңіз білетін дүниені емес, сізге қызығырақ дүниені жазуды ұсынады.
– Шабыт іздеп әуре болмаңыз
Ақын болуды қаласаңыз, шабыт сөзсіз керек. Кітап жазуды қаласаңыз, шабыт келмеген сәтте де жұмыс үстеліне жайғасуға тура келеді. Кәсіби жазушылардың өзі кейде өздерін мәжбүрлейтіндігі туралы айтады. Уақытыңызды шабыт іздеймін деп жоғалтпаңыз. Шабыт жұмыс барысында-ақ келеді.
– Өзіңізге сай жұмыс орнын табыңыз
Ол тек бір жер болмауы мүмкін. Өзіңіздің бөлмеңізде, табиғат аясында, тіпті шағын мейрамханаларда жаза аласыз. Бірақ, сіздің ойларыңызды оятатын ыңғайлы жер болғаны дұрыс.
– Бақылаңыз әрі жазыңыз
Кейбір жазушылар өмірден алып жатырмын деген оймен ақылға қонымсыз диалогтар құрастырады. Бұл – шығармашылығыңыздың ең үлкен жауы. Шындығында, бұл әдісті барлық жазушы қолданады. Тек оны шынайы түрде жеткізе алатындар бар. Ал, жазушылыққа енді бет бұрып жатсаңыз, айналаңызды бақылап, кездестірген диалогтар мен ойларды жазып алыңыз.
– Ойыңызды қағазға түсіріңіз
Электронды редакторларға қарағанда, қағаздың берер мүмкіндігі мол. Ойыңызға ешнәрсе келмесе, қағаз бен қаламды қолыңызға алып суреттер салып, шимайлай бастаңыз. Сізге керек дүние таппайынша, уақытыңызды қағазбен өткізсеңіз де болады. Есесіне, ойдан ой туып, жаңа бастамаңызды қолға ала аласыз.
– Жазбаңыз ұнамаса, қайта жазыңыз
Өзіңізді алдамаңыз. Егер қателікті өз көзіңізбен көріп, жазбаңыз көңіліңізден шыға қоймаса, қайтадан жазыңыз. Бұл жолы жазбаңыз сіздің көңіліңізден шығары сөзсіз. Өйткені қатеңізді жақсы білесіз әрі тәжірбиеңіз бар.
Сәттілік тілейміз, жас жазушы!
Т. Есқали