Кез келген жанның көкейінде арманы болады. Осы арманның жетегінде жүріп алдына биік мақсаттар қояды. Артынша сол мақсаттарына жету үшін барын салып еңбек етеді. Ал Сіз ше? Өз арманыңызды жүзеге асыру үшін қандай қадамдар жасап жүрсіз?
1. Бойыңызда бар ерекше қабілеттеріңізді тізімдеңіз.
2. Арада 10 жыл өткен соң өзіңізді қай саланың маманы ретінде елестетесіз?
3. Бала күніңізде кім болғыңыз келгенін есіңізге түсіріп көріңіз.
4. Туысқандарыңыздың, достарыңыздың немен айналысып жүргенін бақылаңыз.
5. Мен ешқашан айналыса алмаймын деген салада өзіңізді сынап көріңіз.
6. Айына қанша ақша алғыңыз келетінін жазыңыз. Шыққан соманы күнге бөліңіз. Артынша дәл осындай ақшаны қай салада жүріп табатыныңызды ойластырыңыз.
7. Шотыңызда 1 млн. ақша болса, қандай іс бастайтын едіңіз?
8. Сізге ұнайтын адамдар қай салада жұмыс істейді?
9. Хоббидің табысты қызметке айналуы да ғажап емес.
10. Балаңызға болашақта қандай қолөнер түрін үйретер едіңіз?
11. Сізді күнде төсектен қуана тұруға мәжбүрлейтін іс қайсысы?
12. Жұмбақтың шешімін тапқыңыз келсе, іске кірісіңіз.
Сурет: ©Евгения Горобец