Бизнес ережесі

Есепші, хатшы қыз, менеджер үшеуі түскі асқа бара жатқан кезде көне шам тауып алады. Олар шамды Алладин мультфильміндегідей ысқылай бастайды. Ішінен қалағандарын орындауға уәде берген жын шығып:

- Мен әрқайсыңның бір-бір қалауыңды орындаймын. Кезекпен айта беріңдер, - дейді.

Хатшы қыз:

- Мен бірінші, мен бірінші! Дәл қазір Багам аралдарына барып, кеменің үстінде күнге қыздырынып жатқым келеді, - дейді.

Есепші:

- Енді менің кезегім. Мен Гавай аралдарына барып, жағажайда демалғым келеді. Және жанымда сүйген жарым болғанын қалаймын,  - дейді.

Екеуінің қалауын тыңдаған жын, менеджерге бұрылып:

- Ал сен, жігітім, не қалайсың? – деп сұрайды. Сонда жігіт:

- Мен түскі астан соң мына екеуінің кеңсеге қайтып оралғанын қалаймын, - дейді.

Кеңес: басшыңызға өз ойын бірінші айтуға мүмкіндік беріңіз.

Сурет:rudaki.ru