Алдында әшекейлеріне қарап, адам мінезін анықтау жайында айтқан едік, бұл жолы биіне қарап мәліметті қалай алуға болатындығы жайында сөз қозғайық.
Барлығымыз да өз алдымызға қайталанбас тұлғамыз. Жеке талғалығымыз бен әдеттеріміз бар. Соның бірі – билеу мәнері. Би кешіне барғанда, сұрамастан бейтаныс жан туралы мәлімет алғыңыз келсе, финдік ғалымдарымыздің зерттеуіне назар аударыңыз. Олар би психологиясын зерттеп, адамның мінез-құлқына тікелей әсер ететінін анықтады.
1. Экстраверттер, яғни адамдармен тез қарым-қатынасқа түсіп, үнемі жадыраңқы көңіл-күйде жүретін адамдар көпшіліктің алдында еш қысылмай қол мен бас қимылдарын қосып билейді. Оларға рок әуендері рахат сыйлайды.
2. Интроверттер, яғни қой аузынан шөп алмас адамдар көпшіліктің ортасында жүргенді де, билегенді де ұнатпайды. Алайда, би қимылдарын өте жақсы біледі.
3. Неврастениктер жылдам ырғақты, түңгі би кештерінде қойылатын әуендерге билегенді ұнатады.
4. Сабырлы адамдар баяу ырғақты би билеп, латын америкалық билерді сүйеді.
5. Қиялы қанаттанып, үнемі бір нәрсені ойлап табуға құмартатын тік мінезді адамдар техно мен түсініксіз «хаус» ырғағындағы билерді билейді.
6. Жауапкершілігі мол жандар әдеттегі бишілерден де жылдам қозғалып, қолын жан-жаққа сермеп билегенді жақсы көреді.
Кез келген әуенге жақсы билей алатын кәсіби бишілердің биіне қарап мінезін анықтау қиын.
Ал сіз қалай билегенді ұнатасыз?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: ogoniok.com