Автокөліктің құлағында ойнаған бикештерді көру қазір күнделікті көрініс. Біреу сүйгенін алады, екіншілері қолдары жеткенін алады.
Дегенмен өз көлігіңіздің болғанына не жетсін! Психологтар көліктің түсіне қарап, иелерінің мінез-құлқын білуге болатынын айтады. Тексеріп көріңіз!
Ақ түс. Бұл пәктіктің, адалдықтың символы. Ақ автокөліктің иесі де жақсылыққа сенеді, болашаққа үмітін артады. Тәртіпті, тазалықты сүйеді. Бәрі орын-орнымен болғанын қалайды.
Қара түс. Маңғаз, жұрттың өзіне көңіл аударғанын, төрден орын беріп, құрметтегенін жақсы көреді.
Күміс түс. Күміс түсті көліктің иелері қулау келеді. Өз мақсатына қайткен күнде де жете алады. Көлігінің шаң-тозаңы білінбес үшін де осы түсті әдейі таңдайды.
Сұр түс. Көзге түспегенді ұнатындықтан, жұрттан ерекшеленбеу үшін осындай түстегі көлікті алады. Меланхоликтер әдетте осы түстегі көлікпен жүреді.
Сары түс. Бұл автокөліктің иесі, керісінше, жарқырап көзге түсуден, жұрттан оқшауланып жүруден қаймықпайтын жандар. Бұлар көшбасшылар, сангвиниктер. Үнемі өз білімін көтеріп, кәсіби дайындығын жетілдіріп отыратындар.
Қызғылт сары және қызыл түсті көліктердің иесі де осыларға ұқсайтын оптимистер. Батылдығымен, тез дұрыс шешім қабылдай білетіндігімен, сәнқойлығымен ерекшеленеді.
Күлгін түсті машинадағылар өзгелерге ұқсамайтын, дарынды, шығармашылықтың шыңына шығатын жандар.
Көк түсті автокөлік жаны жайсаң, уайым-қайғыны білмейтін, елдің де мазасын алмайтын флегматиктерге тән.
Жасыл түс. Ашық түс болғанымен бұл көлікті өз-өзіне сенімсіз жандар мінеді екен.
Қандай көлігіңіз болса да, аман-есен жүріңіздер, сапарларыңыз сәтті болсын!
Сурет: ©Валентин, Арина Осинцевтер
Оқи отырыңыз:
Заманауи бойжеткен қандай болуы керек?
Нағыз әйел затына лайық қасиеттер қандай?
"Жеңілмес мықты қаруың сенің – нәзіктік"
"Жеңілмес мықты қаруың сенің – нәзіктік" #2