"Сұрақтар ойыны — бұл сіздің бейтаныс адаммен жеңіл қарым-қатынас жасауға арналған ойын түрі. Бұл ойын арқылы бейтаныс досыңызбен сөйлесуге, оның ішкі жан дүниесіне үңілуге таптырмас мүмкіндік береді. Яғни, досыңыздың сіз білмейтін қырын тани түсесіз. Ойыннан кейін өзіңізді бейтаныс досыңызды бұрыннан танитын адам секілді сезінесіз.
Сонымен, ойын ережесі мынадай:
1. Пікірлесуші қос тарап бір-біріне алма кезек сұрақ қояды. Сұрақтар әр түрлі: жеке өмірге қатысты, жымысқы сұрақ, күтпеген сұрақ, т.б. Бірақ, жай ғана бас изеп келісе салмай, нақты, дұрыс жауап беру қажет. Ойынның жақсы өтуі үшін қоятын сауалдарыңызды түрлендіруіңізге болады.
2. Бір ескере кететін жай, қарсы тараптың жауабы да қойған сауалыңызға сай сіз күтпегендей болса, тіпті жақсы. Алайда, жабық тақырыптарға бармаған жөн.
3. Қысқа қайыруға болмайды. "Ия, жоқ, білмеймін, есімде жоқ" деген секілді жауаптар қабылданбайды. Мүмкіндігінше толық, тиянақты жауап беру керек.
4. Сауал алмасу барысында өзіңіге ұнамаған сауал болған жағдайда "келесі сұрақ" деуге құқыңыз бар. Бірақ ол 1 рет қана...
Сұрақтар:
1. Сіздің ең үлкен қорқынышыңыз не?
2. Пойызда немесе ұшақта кездестірген ерекше адамдарыңыз болды ма?
3. Кітаптағы кейіпкер мен кинодағы кейіпкердің айырмашылығы қандай? Сізге қайсысы көбірек ұнайды?
4. Өміріңіздегі ең қызықты оқиғаңыз қандай?
5. Ең қатты ренжіген кезіңіз? Ондай жағдайда не істейсіз?
6. Қандай да бір пайдасыз іспен айналысқансыз ба?
7. Ең қатал шындықты бетіңізге айтқан адам болды ма?
8. Сіз осыдан 5 жыл бұрын қандай едіңіз, қазір қандайсыз?
9. Сізге қай нәрсе көбірек ұят секілді?
10. Мектептегі немесе кішкентай күніңіздегі лақап атыңыз қандай?
11. Соңғы рет сезінген ең тәтті естелік?
12. Соңғы рет не үшін, қандай себеппен жыладыңыз?
13. Сіздің өміріңіздегі ең қорқынышты және ең қауіпті сәт?
14. Ата-анаңыз берген тәрбиеге разысыз ба? Олардың қандай қасиетін ала алдыңыз, қандай қасиеті бойыңызда жоқ?
15. Сіз танитын адамдар арасында қайсысы бақытты және не үшін?
16. 18 жастағы бейтаныс жасөспірімге қандай кеңес айтар едіңіз?
17. Сыныптастарыңыз бүгінде кім болды?
18. Дәл қазіргі уақытта сізді бақытты ете түскен нәрсе не деп ойлайсыз?
19. Өміріңізді түбегейлі өзгерткен кітап бар ма?
20. Осы жасқа дейінгі ғұмырыңызда сізге бақыт сыйлаған, одан басқа дүниенің керексіз екенін түсінген сәтіңіз есіңізде ме?
21. Ең қызықты саяхатыңыз?
22. Қай жанрдағы кинолар сізді көбірек қызықтырады?
23. Сіз үшін қабылдау ең қиын болған шешім?
24. Есіңізде сақталған түсіңіз?
25. Сіз жасаған ең ессіз әрекет?
Сұрақтар легін ары қарай жалғастырсаңыз болады. Біз тек мысал ретінде көрсеттік. Ендеше, іске сәт замандас!