- Негізгі бет
- Психология
- Бейтаныс адаммен әңгімені...
Бейтаныс адаммен әңгімені қалай бастаймыз?
Әдетте өзіміз туралы ойды 90% жағдайда алғашқы 4 минут ішінде қалыптастырамыз. Сондықтан кез келген ситуацияда әңгімені дұрыс бастаудың маңызы зор. Әңгімені бастау үшін 3 тақырыбыңыз бар:
- Ситуация;
- Әңгімелесушіңіз;
- Және өзіңіз.
Ал әңгімені 3 түрлі тәсілмен бастауға болады:
- Сұрақ қою;
- Өзіміздің пікірімізді білдіру;
- Фактіні белгілеу.
1. Ситуация туралы әңгіме
Әңгімені бастаудың ең қарапайым тәсілі – сіз бен әңгімелесушіңіз қатысып тұрған ситуация туралы баяндау. Бар болғаны жан-жағыңызды бақылап алып, екеуіңізге де қатысты бір нәрсе айтыңыз. Мұны барлық жерде жасауға болады.
Мысалы:
Базарда: Сіздің баялды сатып алғаныңызды байқадым. Мен оларды еш уақытта пісіріп көрмеген едім. Оларды не істейсіз?
Көркем сурет галереясында: Қалай ойлайсыз, суретші бұл суретімен нені айтқысы келді?
Жиналыста: Бұл жиналысқа қалай тап болдыңыз?
Мейрамханада кезекте: Қалай ойлайсыз, мына жер неге сонша танымал?
Супермаркетте: Бұл ұнтақты негізінен қалай пайдаланған дұрыс?
Жаңа жоба таныстырылып жатқан кезде: Бұл бизнеспен қалай айналыса бастадыңыз?
2. Әңгімелесушіңіз туралы сөз
Адамдар өзі туралы айтып, өзіне байланысты қойылған сұраққа жауап бергенді ұнатады.
Бастаңғыда: Сіздің пиджагыңыздан ерекше белгісі бар түймені көріп тұрмын. Оның мағынасы қандай?
Той-томалақта: Асаба тойды мықты жүргізеді екен. Оның қалжыңдары сізге ұнады ма?
Жиналыста: Мен сіздің саябақты өзгертуге қатысты дауыс бергеніңізді байқадым. Біздің саябақты не себепті өзгерту керек деп ойлайсыз?
Қапшағайда: Сіздің құтқарушылар клубында жұмыс істейтініңізді байқадым. Оған мен де мүше бола алам ба?
3. Өзіңіз туралы әңгіме
Бұл жерде ереже өте қарапайым. Әңгімелесушіңіз сіз туралы, отбасыңыз бен жұмыстарыңыз туралы сұрамайынша, сіз оны қызықтырмайсыз. Сондықтан сізден сұрамай жатып өзіңіз туралы айтып кетпеңіз. Яғни әңгімені өзіңіз туралы сөзден бастаудың қажеті жоқ.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: вк желісінен
Қ. Бүйенбай