Ақша табу, көл-көсір байлыққа кенелу әрбір ер азаматтың ең басты арманы. Дегенмен, барлығы құлшынғанымен, сәтсіздікке жолығып жатады. Ал шындығында ақша табудың өзі ер-азаматтардың мінез-құлқына байланысты болып жататыны тағы белгілі. Ендеше, ақша таба алмайтын еркектер кімдер?
• Тәуекелге бара алмайтын еркетер
Жаңалық ашудан қорқатын, кез келген жұмысты бастарда өзіне сенімсіздік танытатын, батылдығы кем ер жігіттердің мол табысқа жетуі қиын. Оқыс оқиға орын алғанда тәуекел деп бел буа алмаса еркектікке сын.
• Өзіндік пікірі жоқ еркектер
Ел сөзінің жетегінде кететін, біреудің пайымын өзінікінен жоғары қоятын, оңай иланғыш, өзіндік ойы жоқ еркектер жетістік жолын оңай таба қоймайды.
• Жалқау еркектер
Тек оңай олжаға батуды ойлайтын, дайын асқа тік қасығын тосатын, жанын қинамайтын жалқау еркектен дәулеті тасыған, атақ-абыройы алысқа кеткен сыйлы азамат шықпайды.
• Жоспарсыз өмір сүретін еркектер
Тек бүгінгі күннің тайраңымен таңды атырып, кешті батыратын, алға қойған нақты мақсат, арманы жоқ адамдардың бай бола салуы қиын. Бағы жанып оңай олжаға еге болса да, ол дәулетті сақтай алуы екі талай.
• Сауықшыл еркектер
Қонағасыдан қалмайтын, бар тапқан малын ішіп-шеуден, той-томалақтан асыра алмайтын үнемшілдікті білмейтін еркектер бай бола алмайды. Сауыққұмар еркектер арақ-шарапқа, қыз-қырқыңға әуес болатындықтан тапқан дүниесін қара басының құмарлығына құрбан етеді.
• Отбасында өзіндік орны жоқ еркектер
Өз отбасындағы шағын істерге кесім жасай алмайтын, өзгелерге өзін сыйлата алмайтын, өктем сөйлеп, өз саясатын жүргізе алмайтын еркектер де бұл тізімде.
• Атаққұмар еркектер
Шектен тыс даңғойлық, көкіректік, бос мақтан еркекті абыройдан айырады. Жасаған жақсылығын жарты ғасыр жырлайтын жандардың жаттанды әңгімесе екі-үш рет қайталанғаннан кейін айналасындағылардың құлағына түрпідей тиеді.
• Күмәншіл еркектер
Кімге болса да сенбейтін, біреудің жетістігін қызғанатын іші тар еркектер, әр сөзге қадалатын күмәншіл еркектер дүние мен абыройды осы қасиеттерінің кесірінен жинай алмайды.
• Уәдесінде тұрмайтын еркектер
Орынсыз уәде бергіш, сөйте тұра айтқанын орындамайтын, табансыз еркектер жетістік жолын таба алмайды. Бұндай адамдардың қай ортада болмасын абыройы болмайды. Олар ортаға тек жаман қасиеттерімен жатталады.
• Өз-өзіне есеп бере алмайтын еркектер
Жиған малын орынды ұқсата алмайтын, не алып, не қойғанын білмей есі шығып, өз-өзінен түңіліп жүретін еркектер аз емес, материалдық жағдайы мәз емес.