Кенет есік қағылды. Үй шаруасында жүрген әйел есік ашты. Есіктің көзінде шаштары әппақ қудай болған үш қарт кісі тұр екен. Бұл кісілер үй иесіне таныс емес еді. Сонда да, есендескен соң олардың үйге кіріп демалуға, асқа отыруға шақырды. «Отағасы үйде ме?» деп сұрады бірінші тұрған кісі.
«Ол жұмысына кеткен.»
«Еее, жөн! Онда отағасының келуін күтейік, үйге кірмейсіз!» деп жамырасты шалдар. Кеш кіре күйеуі жұмысынан оралды. Әйелі болған жайлы оған баяндады.
«Тезірек ол кісілерді шақырып кел!» деді күйеуі. Үй маңындағы ағаш көлеңкелерінде демалып жатқан қарттарды әйел әзер іздеп тапты. Оларды үйге кіруге шақырып еді, олар бастарын шайқады. «Біз бір уақытта үйге кіре алмайсыз» деді олар. Неге деген сұрақты күтпестен алдында тұрған қарт кісі: «Мына кісінің аты байлық, анау кісінің аты табыс, жеңіс деп атасаңыз да болады, менің атым махаббат» деді.
«Күйеуіммен ақылдасайын» деп әйел үйіне кіріп кетті.
Қатты қуанған күйеуі: «Бұл бір таң қаларлық іс екен, онда біз байлық қартты үйге кіргізейік, үйіміз байлыққа толсын» дейді.
Әйелі құп көрмей: «Сүйіктім, біз неге табыс қарияны кіргізбейміз, әр ісіміз табысты болса бай болмайсыз ба» деді.
Ас үй жақта жүрген келіні бұлардың үстіне түсті: «Біз махаббат атайды шақырсақ тіптен жақсы болмай ма, үйіміз мейір-махаббатқа толады» деді көзі мөлдіреп.
«Жарайды, келініміздің сөзін жерге тастамайық» деді атасы.
Әйел есік алдына шығып: «Махаббат атай қайсы кісі? Сол кісі үйге кірсін» деді. Махаббат атай есіктен адымдай аттап кіре жөнеліп еді, қалған екеуі де ере кірді.
Әйел таң қалған бейнеде байлық пен табыстан: «Мен тек махаббатты шақырдым, сіздер неге ердіңіздер?» дейді.
Қарттар жарыса: «Махаббат қайда болса, бізде сондамыз!» деп мейірлене жымиысты.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: uploadimage.cn