- Негізгі бет
- Психология
- Байлар бақытты ма?...
Байлар бақытты ма?
Бай, танымал адамдардың өмірлері қиындықсыз елес, бақытты ертегі деп ойлайсыз ба? Ендеше Нобель сыйлығының лауреаты британдық Дэниэл Канеман ғалымының жасаған зеттеулер нәтижесімен таныс болыңыздар.
Ғалымның зерттеулері мынадай нәтиже көрсетті. Байлық адамдарды пайдалы, ұнамды шаруалардан алшақтатып, күнделікті, қажетті істермен айналысуға итермелейді екен. Осының салдарынан байлар стреске көбірек шалдығады-мыс.
Статистика бойынша, қоғамның орта және төмен таптары уақытының үштен бір бөлігін дем алуға арнайды: теледидар, ғаламтор, ойындар, қосымша ұйқы, табиғатқа серуендер. Ал байлар болса, пассивті демалыс түрлеріне уақытының 1/5 бөлігін ғана бөле алады екен.
Бай, ауқатты адамдар уақытын көбінесе жұмысына, қызметіне құртады. Уақыттың басым бөлігі сансыз іссапарларға кетеді. Байлардың демалысы ылғи белсенді түрде өтеді. Олар дүкен аралап, отбасымен, достарымен қыдырады, балаларын түрлі үйірмелерге апарып, өздері спорттық секциялардан қалмайды. Байлар осындай шаруаларға басқаларға қарағанда 2 есе көп уақыт құртады екен.
Бай боламын деп армандайтындардың көбі байлардың өмірі жайбарақат, қызықтарға, демалыстарға, сапарларға толы деп ойлайды. Алайда бай бола қалсаңыз, уақытты өзіңізге арнап, бақытты бола ала ма екенсіз?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: free-money-for-me.com
С. А