Бай адамдарды әділетсіз, сараң немесе барлық мәселені ақша көмегімен шешетін адам ретінде қабылдаймыз. Тіпті, көптеген әдеби шығармалар мен ертегілердің кейіпкері болған байдың болмысы сол күйінде қалған. Бірақ бай адам мен кедейдің арасында біз білмейтін қандай айырмашылық бар?
• Бай адамдар өзінің уақытын, ал кедейлер өз ақшасын үнемдейді.
• Кедей адамдар тапқан табысын түгел құртады. Ал, байлар кірісінің бір бөлігін пайда әкелетін жұмысқа жұмсайды.
• Кедейлер ақшаның құнын білмейді: өзгеге әркез қарызға береді. Байлар ондай әрекет жасай бермейді.
• Кедей адамдар арзан, сапасыз дүние алуға құмартады. Ал, байлар жеңілдік болатын сәтті күтеді.
• Байларда ешқашан «артық» ақша табылмайды.
• Бай адам ешқашан кенеттен бір нәрсе сатып алмайды. Бәрін жоспарлы түрде жасайды.
• Кедей адамдар өздерін бай ретінде көрсетуге тырысады. Байлар әркез тасада қалуды жөн көреді.
• Кедей қолынан келетін іспен айналысады. Бай кез келген жерде, кез келген әдіспен пайда табуға бейім.
Ақшамен қарым-қатынасы:
• Бай байға, кедей кедейге қол ұшын созады.
• Бай пайда әкелетін іске ақшасын жұмсайды. Ал, кедей оның шығынын өтейтінге ақшасын сақтайды.
• Ақша тыныштықты жақсы көреді: кедей ақша туралы әңгімені жиі қозғайды. Ал, бай бұл тақырыптан аулақ болады.
• Кедей адам үшін ақша оның өміріндегі басты мақсаты, ал, бай адам үшін бұл – мүмкіндік.
• Кедей адамға әркез бірнәрсе керек болады да тұрады.
• Жан дүниесі бай адамға адам болу қалу үшін ешнәрсе кедергі емес: билік те, ақша да.
Ойлау жүйесі мен мақсаты
• Бай адамның нақты мақсаттары бар: барлық мақсатқа сәйкес шығын да анық.
• Кедей барлық жағдайда да кедей.
• Кедей байды жек көреді. Бай кедейге мән бермейді.
• Кедей адам үшін айналадағы бәрі кінәлі: мемлекет, саясат, билік, алаяқтар. Ал, бай адам кінәні өзінен іздейді.
• Бай адам кедейдің сөзін тыңдауы мүмкін. Бірақ, кедей оның сөзін тыңдай бермейді.
• Әр жарлының бойында бай адам тығылып отыр.