Батыстың менталитеті біздікінен әлдеқайда өзгеше. Алайда ұқсайтын тұстары да жоқ емес. Төменде Батыс елдерінің жігіт білуі тиіс 14 ережені оқып, көз жеткізіп көріңіздер.
1. Көше бойында жігіт қыздың сол жағында жүреді. Оң жағында кез келген уақытта әскери сәлем беруі ммүкін сарбаз жігіттер жүреді.
2. Бойжеткен шалынып қалса, жігіт шынтағынан ұстап тірейді. Бірақ жігіттің көмегі керек немесе керек еместігін қыз бала өзі шешеді.
3. Жігіт жанында қыз тұрған кезде оның рұқсатын алмай шылым шекпейді.
4. Есіктен шығатын, кіретін кезде жігіт есікті ашып ұстап, өзі бойжеткеннің соңында жүреді.
5. Баспалдақпен көтеріліп немесе түсіп келе жатқан кезде жігіт 2 баспалдақ төмен не жоғары жүреді. Бұл – шалынып қалған кезде көмек көрсету үшін қарастырылған ереже.
6. Жеделсатыға бірінші жігіт кіреді, шыққанда бойжеткен бірінші шығады.
7. Көліктен бірінші жігіт шығып, жолаушы отыратын есікті сыртынан барып ашады. Егер көлікті жігіт жүргізетін болса, бойжеткенге алдыңғы орындыққа отыру үшін көмектеседі. Қыз бен жігіт те жолаушы болған жағдайда, артқы орындыққа жайғасады. Салонға бірінші болып бойжеткен кіріп, жігіт қасында отырады.
8. Ғимаратқа кірген кезде жігіт бойжеткеннің сырт киімін шешуге көмектеседі де, шығар кезде оны алып береді.
9. Бойжеткендер тұрып тұрған кезде жігіттер отырмайды. Бұл қоғамдық көліктерге де қатысты.
10. Сыпайылық ережесіне сәйкес, жігіт кездесуге кешікпей келуі керек. Тіпті, 10 минут бұрын келгені жөн.
11. Жігіт кез келген жастағы әйел адамға ауыр жүгін көтерісуге көмектесуі тиіс. Бұл қол сөмкеге, сырт киімге қатысты емес. (Бірақ денсаулығын ескерген жөн).
12. Қоғамдық орында үшінші бір адаммен бойжеткендер туралы артық әңгіме айтуға болмайды.
13. Әңгімелесу кезінде жігіттер қолын кеудесіне айқастырып және қалтасына салып тұрмайды. Мұнымен қатар қолына зат ұстап тұрмағаны жөн.
14. Бас даяшы асты кім ұйымдастырып отырғандығын білу үшін жігіт мейрамханаға бірінші болып кіруі тиіс. Бұл шотты өзім төлеймін дегенді білдіреді.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: вк желісінен