Қоғамда белгіленген кей талаптар мен стереотиптер әйелдің өз-өзін шектеуіне әкеледі. Алайда басқалардың не ойлайтынына аса мән беріп, көңіліңізге ала берсеңіз, бұл сіздің өміріңізді қиындатып жібереді. Мына нәрселерден ұялмаңыз.
Етеккірге қатысты нәрселерден ұялмаңыз
Кей әйелдер өздерінің физиологиялық ерекшеліктерінен ұялады. Оны жеке гигиенаға арналған тауарды дүкеннен сатып алу кезінде жиі байқауға болады. Мысалы, дүкенші ер адам болса, көпшілік қыз жеке гигиена құралын сұрауға ұялады. Алайда етеккірдің келуі - табиғи нәрсе, сондықтан одан ұялудың қажеті жоқ. Айдың әрбір күнінде өзіңізді сенімді ұстаңыз.
Артық салмақтан ұялмаңыз
Көп әйел артық салмақ қосып алғанын уайымдайды. Сол үшін олар өздерін сенімсіз сезінеді. Алайда өзіңізді жақсы көріп үйрену маңызды. Артық салмақ ұялатын нәрсе емес.
Макияжсыз жүруден ұялмаңыз
Кей қыздар далаға макияжсыз шығуға қорқады. Алайда көпшілік заманауи әйелдер сұлулық іштен шығатынын түсініп қойды, сондықтан олар жақсы тамақтанады, ұйқыны қандырады және хоббиіне уақыт бөледі. Оған қоса, жабыстырылған немесе ұзартылған кірпік пен тырнақ сәннен шықты. Қазіргі тренд - табиғи сұлулық пен сапалы күтім.
Эмоцияларыңызды көрсетуден ұялмаңыз
Көпшіліктің миына балалық кезде эмоцияларды көрсету "дұрыс емес немесе ұятты" нәрсе секілді құйып қойған. Басқалар ол туралы жаман ойламасын деген мақсатта кей әйелдер реніштерін іште сақтайды, жан ауруына шыдайды, ашуын ұстайды. Бұл депрессияға және басқа да ауруларға әкелуі мүмкін. Сондықтан кейде эмоцияны сыртқа шығару да пайдалы. Оған қоса, ұнамайтын нәрсені бірден айтып тастаған дұрыс.
Басқалардан құрметті талап етуден ұялмаңыз
Балалық кезден бастап құрметке лайық болу керек дегенді жиі естіген боларсыз. Әрине, дұрыс, бірақ бұл қорлыққа шыдау керек деген сөз емес. Егер өзін сізден жоғары санайтын, сізге тұлға ретінде қарамайтын адамдармен жолықсаңыз, оларға жеке шекараңыз жайлы айтыңыз немесе ортаңызды өзгертіңіз.
Қошемет сөздерді қабылдаудан ұялмаңыз
Қарапайым көрінемін деп өзіңіздің артықшылықтарыңызды төмендетудің қажеті жоқ. Біреу сізге қошемет сөздер айтса, оны қабылдап, "рақмет" айтыңыз. Осының өзі жеткілікті.