Басқа адамдарды мүлдем түсінбесең, сау әрі сенімді қарым-қатынас құру қиын. Алайда бұл маңызды дағдыны үйренуге болады. Басқаларды түсінуге көмектесетін 7 негізгі ережені ұсынамыз.
Саған айтылып жатқан нәрсеге бар зейініңді аудар
Адамды ұзақ тыңдаған кезде алаңдап кету оңай. Мысалы, смартфоныңды тексеруің, терезенің ар жағында өтіп бара жатқан адамдарды қарауың немесе өз ойларыңа еніп кетуің мүмкін. Бірақ мұндай әрекет әңгімелесушіні түсінуге ықпал етпейді. Қаншалықты жиі алаңдайсың, соншалықты көп маңызды ақпаратты жіберіп алуың мүмкін. Сондықтан адамға және оның сөздеріне назар аудару маңызды. Сондай-ақ әңгімелесушінің сарынына мән бер. Кейде сөйлеу мәнері адамды жақсы түсінуге көмектеседі. Мысалы, оның дауысынан діріл байқалуы мүмкін.
Дене тіліне мән бер
Бейсезімдік тіл де сөздер секілді маңызды. Кей ым-ишараттар әңгімелесуші сезіп тұрған айтарлықтай жағымсыздықтарды білдіреді. Әдетте, оған қолдарды айқастыра кеуде тұсында ұстау немесе қолды қалтаға салып қою, жан-жағына қарай беру және жалпы абыржушылық жатады. Егер қарама-қарсы отқан адам сізге қарай иіле берсе немесе жақындай түссе, ол оның қызығушылығын білдіреді. Ал егер орындыққа артқа қарай жатып алса немесе шегіне бастаса, керісінше болғаны.
Егер әңгімелесуші басын қолымен таянып отса, тақырыпты ауыстыратын уақыт болғаны. Бұл күй жиі адамның іші пысып отқанын білдіреді.
Көз байланысына да мән беру керек. Егер адам еденге қарап отса, оның өз айтып тұрғанына сенімсіз болуы немесе жай ұялшақ адам болуы мүмкін. Егер саған тіке қарап тұрса, сенің айтып жатқаның оған қызық.
Асығыс шешім мен болжам жасама
Асығыс шешімдер мен болжамдар үшін адамдар жиі араласудан бас тартады немесе басқалардың айтқандарын дұрыс емес жеткізеді. Жаныңда жүрген кез келген адамға өз-өзін көрсетуіне мүмкіндік беруге тырыс. Кейде біртүрлі киінетін немесе басқа да стреотипті кейіпкерлермен ұзақ сөйлессең, олар сен ойлағаннан да мүлдем басқаша болып шығады. Асығыс шешім қабылдама. Әр адам қателесуі немесе оның заттарға көзқарасы басқа болуы мүмкін. Ол оны «жаман» етпейді.
Өзіңді оның орнына қой
Егер әңгімелсушімен ойларыңда қатты айырмашылық болса немесе онымен ұрысуға сәл қалған болсаң, осы ережені қолданып көр. Бірдеңені пайымдамас бұрын, оның дұрыс емес екенін дәлелдемес немесе айтпас бұрын өзіңді оның орнына қоюға тырыс. Жағдайға басқа көзқараспен қарау арқылы жағдайды және заттарды түсінуде объективті бола түсесің. Оны жақсырақ түсіне бастайсың.
Көбірек сұрақ қой
Адам жайлы пікір болжалдардан құралмас үшін оған жиі сұрақ қойып, жауаптарын тыңдаған жөн. Сен одан нақты нәрселерді, мысалы, бауырлары бар ма екенін, көлікте қандай музыка тыңдағанды жақсы көретінін сұрай аласың. Сондай-ақ ойлануға және қиялдауға көмектесетін сұрақтар да қоюға болады. Олардың жауабы адамның мінезін және сенімін ашады. Мысалы: адамзаттың ең үлкен проблемасы қандай немесе егер аяқ асты миллион ұтып алсаң, не істер едің?
Шынайы бол
Егер көңіл күйіңнің жоқтығын жымыю арқылы жасырғың келсе, адамдар оны байқайды. Басқаларды жақсы түсіну үшін алдымен өзіңнен бастау керек және оларға ашық әрі адал болу қажет. Бұл біреуді жақтырмасаң, ол туралы бәріне естітіп айту керек деген сөз емес. Бірақ оған шынайы емес қошемет сөздер айтып, өзіңді күштеп оның әуесқойлығына қызығушылық білдірудің де қажеті жоқ. Өз реакцияңды, эмоцияңды және сезіміңді асырып көрсетудің қажеті жоқ. Сондай-ақ шынайы болу дегеніміз — өз қателіктеріңді мойындап, кешірім сұрай білу.
Адамның басқалармен қалай сөйлесетінін бақыла
Адамды жақсырақ түсіну үшін оның тек сенімен қалай сөйлесетінін емес, сондай-ақ басқалармен өзара байланысына да анализ жасау маңызды. Мысалы, ең жағымды әңгімелесуші даяшыға дөрекі сөйлеуі мүмкін.