Бәсекеге баулитын 5 кітап

Бәсекеге баулитын 5 кітап
Фото: www.2do2go.ru

Кітап – ең сабырлы ұстаз. Сабырлы бола отырып сізді білімге, ғылымға, махаббат пен шығармашылыққа құштар етеді. Ал бүгін сізге ұсынып отырған бес кітап тұлға болып қалыптасуыңызға септігін тигізеді.

«Баста» 
Авторы: Джон Эйкафф 
Кітап атауы айтып тұрғандай сізге нені, қалай бастау керектігін үйретеді. Қай жаста болсаңыз да, ортаңызға қарай бастауыңыз керек әрбір іске жан-жақты ақпарат береді. Бұл кітапты оқу арқылы сіз бірден іске кірісесіз яғни, өміріңзді өзгертуді бүгіннен бастап кетуіңіз де ғажап емес. «Жаңа жыл» келмей-ақ жаңа өмір бастауға септігін тигізетін кітап сізді өз сөресінде күтеді. 

«Мен осы жылы...» 
Авторы: М.Дж.Райан 
Бұл кітап сізге сөзіңізде тұруға, уәдені дәл уақытында жүзеге асыруға көмектеседі. Көптеген адамдар алдын-ала сөз беріп, оны істеуден қашып жатады немесе қолдарынан келмейді. Сіз бұл кітапты оқу арқылы осы олқылықтарың орнын толтыра аласыз. Кітап психологияға, нейрофизиологияға, философияға негізделген. 

«Жайлы кеңістіктен шығу» 
Авторы: Брайан Трейси 
Бұл кітап сізді өзіңізге жайлы кеңістіктен шыға отырып, жақсы өміру сүруге үйретеді. Кітап ішінде сізге керек 21 түрлі тәжірибелі кеңестер берілген. Ал автордың өзі жас кезінде мектептегі өмірін тастап, өз жолын басқа арнаға бұрып, бүгінде миллионер атанған адам. Аталған кітап әлемнің 40 тіліне аударылған. Ал оның таралым саны шамамен 1 200 000. 

«Адамдар қалай ойланады» 
Авторы: Дмитрий Чернышев 
Кітап сананы жаттықтыруға арналған. Көптеген адамдар бар затты ғана ойлайды. Ал негізгі ойдың көрінісі алдымен шығармашылықпен келетінін ескермейді. Бұл кітапта автор екі жақты дүниенің ара жігін ашып, әрі ойлау нәзік құрал екенін, оны жаттықтыру керектігін алға тартады. 

«Ерік-жігер» 
Авторы: Келли Макгонигал 
Кітап өзіңізді жетілдіруге бірден-бір септігін тигізуші көмекші құрал секілді. Кітап сіздің ерік-жігеріңізді қалыптастыруға, ішкі жан дүниенің тыныштығын қалай пайдалану керектігін көрсетеді. Үлкен екі саланың негізінде, психологиялық және медициналық зерттеулер арқылы жазылған кітап сізді тәжірибе арқылы жүзеге асқан түрлі қызықтарға бастайды. 

М. Ақан