Кейде жұмыстан қатты шаршаймыз. Сол сәтте айналамыздағы барлық нәрсе сәтсіздікке ұшырағандай көрінеді. Ол эмоциональды күйзеліске алып келеді.
Эмоциональды күйзеліс — жұмыстағы созылмалы стресстің нәтижесінде пайда болатын эмоционалды, психикалық сарқылу, физикалық шаршау күйі. Ол жұмыстағы өнімділіктің бұзылуымен, шаршаумен және ұйқысыздықпен сипатталуы мүмкін.
Сіздің өміріңіздің бұл кезеңді қалай анықтауға болады? Оның мынадай белгілері болады:
— шаршаудың жоғарылауы, мазасыздық;
— ұйқысыздық, бас ауруы, дене салмағының өзгеруі;
— ашу, агрессия;
— өзіне деген сенімсіздік, адамдардан оқшаулану және түсініспеушіліктер
— зейін қою қиындайды, оқуға және ойын-сауыққа деген қызығушылықтың төмендеуі.
Психоэмоционалды шиеленістің жоғары деңгейі жалпы денсаулыққа теріс әсер етеді. Мысалы, жас болса да жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттады.
Сондықтан, егер сіз шаршап жүргеніңізді байқасаңыз, оқуды, жұмыс істеуді және жайлы өмір салтын жалғастыру үшін өзіңізден күш тауып, ресурстарды қалпына келтіруге бірден кірісу керек.
Біз сізге осы мәселені шешуге көмектесетін 5 қадамды ұсынамыз.
1-қадам: мәселені түсінеміз және қолдау іздейміз
Әдетте жастарға қатты шаршағанын түсіну қиын. Оны мезгілдік апатиямен немесе жай ғана ұйқының қанбауымен шатастырып алады. Қатты шаршағанын тек мәселе ушыққанда түсінеді. Егер жағдайды түсінсе, бірден маман көмегіне жүгінген дұрыс. Оған мүмкіндік болмаса сенімді әрі қолдау танытатын адаммен ашық сөйлесу керек.
2-қадам: ресурстарды толтыру
— Бірнеше тармақтан тұратын ресурстар тізімін жасаңыз
— Сыртқы әлемнен аз уақытқа оқшауланып, өзіңізге уақыт бөліңіз.
— Жетістіктер жазуды ұмытпау керек.
— Өзіңізге және басқаларға "рахмет"айту да ішкі ресурсты қалпына келтіреді.
3-қадам: ресурстарды дұрыс жіктеп үйрену
Кейде барлық нәрселерді бір уақытта жасауға тырысамыз. Оған күшіміз жететіндей көрінеді. Алайда бұл шаршауға себеп болатын ең маңызды нәрсе. Сол себепті ресурстарды бөліп білу керек.
— мақсаттарыңыз туралы нақты ойлаңыз және қажет болған жағдайда оларды ішкі мақсаттарға бөліңіз;
— әр күнді, аптаны және айды жоспарлаңыз, істерді орындауға кететін уақыт мөлшеріне қарай бөліңіз;
— оқу мен жұмыстың ыңғайлы режимін қалыптастыруға кеңес береміз.
4-қадам: өмір салтын түзету
— Ең бірінші ұйқыны реттеу керек. Ұйқы дұрыс болмаса тамақтану да дұрыс болмайды, спортқа да зауқыңыз соқпайды.
— Тамақтану
— Дене белсенділігі
5-қадам: жұмыс рахат пен қанағат әкелуі керек екенін түсініңіз
Қатты шаршау жұмыс барысында жинақталуы мүмкін. Мысалы, командамен дұрыс жұмыс істемеу, уақытында үлгермеу, бір уақытта бірнеше іс немесе жұмысыңыз ұнамайды. Екі тізім жасаңыз. Біреуінде жұмысыңыздың оң және теріс жақтарын жазыңыз. Басқасында - сіз шынымен не істегіңіз келеді және қандай жағдайда жұмыс істеу ыңғайлы болатынын жазыңыз. Содан кейін осы тізімдерді салыстырыңыз. Егер ортақ нәрсе көп болса, жай ғана уақытылы демалу керек шығар. Ол үшін еңбек демалысын алыңыз. Егер теріс факторлар көп болса, онда жаныңызға жақын жұмыс іздегеніңіз жөн.