Бүгінде көп адам өзінің жеке өміріне қатысты нәрсені ашық айта береді. Дегенмен, көреалмаушылық, өсек сынды артық нәрселер де осылай жеке ақпаратты ашық талқылаудан шығады. Психологтар бәрінен мына 5 нәрсені жасырын ұстауды ұсынады.
Жоспарлар мен армандар
Кейде жоспарларымыз ішке сыймай, бөліскіміз келеді. Сондай сәтте психологтар өзіңізді ұстауға кеңес береді. Егер жоспарыңызды қатты айтқыңыз келсе, онда оны орындалған мақсат-арман ретінде көрсетуді ұсынады. Жоспарды айтып қойған кезде, оны орындауға деген талпыныс бірден азайып кететінін айтады.
Денсаулық
Дәрігерлер мен ауруханалар туралы әңгімелер әдетте аадмдарды алшақтады. Ауруханадағы тексеріс туралы егжей-тегжейлі әңгіме әңгімелесушіні ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Сұлулық үшін жасалатын процедуралары құпия болып қалғаны жөн.
Негатив ойлар мен сәтсіздіктер туралы
Бұны тек жақын адамға айтыңыз. Алыстан араласатын, енді танысқан адаммен мұны талқылаудың қажеті жоқ.
Қайырымды істер
Жасаған жақсылықты айтуға болмайды. Айтқанның өзінде, қайырымдылықты бөліскен жөн. Бірақ мақтануға болмайды. Мақтаныш сезімі жасаған жақсылығыңызды жоққа шығарады.
Жеке өмір
Жеке өмір, соның ішінде төсек әңгімесін біреумен талқыламаңыз. Ол сіз бен серігіңіздің жеке өмірі. Оны өзгелермен бөлісу — өзіңіздің жеке шекарағызды бөлісу боп саналады.