- Негізгі бет
- Психология
- Барлық жұмысқа үлгеру...
Барлық жұмысқа үлгеру мүмкін бе?
Жұмысты кейінге қалдыру күйзеліске әкеліп соқтырады. Мұны аяқ киім ішінде жүрген майда тастармен салыстыруға болады. Үнемі кедергі жасайды да жүреді. Уақытында жасалмаған жұмыс кейін асығуға мәжбүрлейді.
Жұмыстың уақытында орындалуының қандай артықшылықтары бар?
1. Сенімділік
Жұмысты дер кезінде орындау арқылы уақытыңызды басқарып отырғандығыңызды сезінесіз.
2. Көп іске үлгересіз
Бастапқыда біртүрлі көрінгенмен, кітаптарды сөреге ретімен тізгендей болады. Шындығында жұмыстарыңызды дер кезінде орындау арқылы көп уақытыңызды үнемдейсіз. Артынша бос уақытыңызды пайдалы істерге жұмсауыңызға болады.
3. Өзіңізді жайлы сезінесіз
Дер кезінде істелген жұмысыңыздың арқасында арыңыз таза, денсаулығыңыз күйзелістен аман қалады. Жеңісті сезіну рақатқа бөлейді.
4. Өсіп-өркендейсіз
Істің бәрін кейінге қалдыра берсек, тек ең маңыздыларына ғана үлгереміз. Тіпті ең маңыздыларының ішіндегі кейбіріне ғана. Ал жұмыстың барлығын уақытымен орындасақ, дүниетанымымызды кеңейтетіндей істермен айналыса аламыз. Жауапкершілігі бар адамдар табысқа бір табан жақын.
Бұл шаруаның оңай екеніне келісесіз бе? Бар болғаны жасалуы тиіс жұмысты мерзімінен бұрын немесе дәл уақытында орындау керек. Жүйкеңіз де тозбайды, уақытыңыз да үнемделеді.
Не істеуге болады?
- Жұмыс пайда болысымен оның қашан жасалу керектігін нақты жоспарлаңыз;
- Мүмкіндігінше ертерек жоспарлауға тырысыңыз;
- Жоспарланған істерді ешбір сылтаусыз бірден орындап отырыңыз.
Қанша жерден оңай десек те, бүгінгі қоғамға ең керекті әдеттің бірі. Барлығы тек өзіңіздің қолыңызда!
Ал сіз жұмысты уақытымен орындайсыз ба?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: open.az
Қ. Бүйенбай