- Негізгі бет
- Психология
- Барлығын өзгертетін 2...
Барлығын өзгертетін 2 минут
Бақытты болуды, өзіңізді жақсы сезінуді, уақытты дұрыс жоспарлауды үйрететін кітап көп. Қазір көпшілігіне керегі де осы. Бірақ ол кітаптарды оқу үшін қаншама уақыт қажет. Ал бұл материалда сіздерге екі минут ішінде біраз нәрсе өзгертуге болатынын айтамыз.
– Менің уақытым ештеңеге жетпейді.
– Демек, шаруаларыңыз дұрыс жоспарланбаған.
– Көп нәрсеге үлгеруге болар еді ғой.
– Көп істеңіз, «Жоқ» дегенді аз айтыңыз.
– Орындауға тиіспін.
– Ұсыныс көңіліңізден шықпаса, «жоқ» деп айтуға қиналмаңыз.
– Бірақ ол мен «жоқ» десем ренжіп қалады ғой.
– Оның сізге қатысы жоқ. Өз еркіңізге қарсы шықпаңыз.
– Қазір бұл істің уақыты емес.
– Қолайлы уақыт келмейді де. Күтіп жүре берсеңіз, уақыт өте береді. Содан соң уақытысында бастамағаныңыз үшін өзіңізді жазғырасыз. Ойға алған іске қазір кірісіңіз.
– Мен бақытсызбын.
– Өміріңізде бір нәрсені өзгертіңіз. Не өзіңізді өзгертіңіз.
– Не өзгертемін?
– Кез келген нәрсені. Біреуін таңдаңыз да, жүзеге асырыңыз.
– Басым айналды.
– Терең тыныс алыңыз. Өзіңіз басқара алатын істі өзгертуден бастаңыз.
– Мүмкін, ақшам көп болса бақытты болар ма едім?
– Иә, бірақ белгілі бір деңгейде ғана...
– Бірақ ақшадан да маңызды нәрселер бар ғой?
– Жақындарымызбен өткізген уақыт. Өзімізге маңызды нәрсеге арнаған уақыт. Өткен уақытты қайтара алмайтынымызды естен еш шығармаңыз.
– Бір көргеннен баурап алуға бола ма?
– Көзіне тік қараңыз. Күлімсіреңіз. Асықпай сөйлеңіз. Өзіңізге сенімді болып, киіміңізге мұқият қараңыз.
– Қарым-қатынасымыз қиындап кетті.
– Ашылып сөйлесіңіз. Жағымсыз қылығына төзіңіз. Өзіңіз төзе алмайтын жағдай болса, арақатынасты үзіңіз.
– Одан жақсы адамды кезіктіре алмасам ше?
– Ал егер одан он, жүз, мың есе жақсыны кездестірсеңіз ше?
– Ол мені тастап кетті. Жүрегім жаралы.
– Бірақ жүрегіңіз әлі де соғап тұр ғой. Демек, ештеңе жоғалтқан жоқсыз, ол сізге лайықсыз.
– Өмір неткен қиын!
– Бұл белгілі. Барлығы қарапайым болса, бүкіл жан баласы бақытты болар еді.
– Бірақ мен төзе алмаймын.
– Мұндай оймен өзіңізді жеуді тоқтатыңыз.
– Маған мұның ешқайсысы да көмектеспейді.
– Жарайды! Қазір қалай болса, солай өмір сүруді жалғастыра беріңіз.
– Бірақ мен қазіргі өміріме риза емеспін ғой.
– Үнемі бір жағдай қайталана берсе, нәтиже де сол қалпы қалады. Біз не өсеміз де өзгереміз, не өлеміз.
– Өзгеруді қашан бастаймын?
– Дәл қазір!