Сіз көпшіліктің ортасында болудан қысыласыз ба? Олармен бірге тұрған кезде айтатын әңгімеңіз жоқ секілді көріне ме? Бұл сезімдерді қалыпты деуге болады. Уақыт өте келе оған қарсы әрекет жасасаңыз, міндетті түрде жеңіп шығасыз. Ал өзгеру үшін барлық адаммен достасып, қарым-қатынас орнатуға тырысуыңыз керек. Оны жүзеге асыру сіз ойлағандай қиын емес. Сенбесеңіз, кезекті материалымызды оқыңыз.
1. Өзіңізді ғана емес, өзгелерді де танып үйреніңіз. Әрбір қимылыңызды бақылай беретін болсаңыз, тұйық болу қасиетінен арыла алмайсыз. Әдетте тұйық адамдар өзінің әрбір қиымылын бағып, сөйлеген сөзінің өзгелерге қалай әсер еткенін ойлаумен болады. Сіз ақпаратты сүзгіден өткізбейтін жандар туралы естіген шығарсыз. Мінеки, тұйық адамдар осылардың қарама-қарсы типіне жатады. Олар ақпараттың әрбір бөлігін сүзгіден өткізеді.
Сіздің мақсатыңыз – кішкене ғана детальдың өміріңізге қалай әсер етуі мүмкін екенін ойламау.
Тұйық адамның ойы:
«Түү, жаңа ақымақ адам секілді неге айттым», «Жаңа көп сөйлемей отырып алғанымды қалай қабылдады екен, келесі жолы міндетті түрде көбірек сөйлеуге тырысамын» және т.б.
2. Сізді өзіңізден артық ешкім бақыламайды. Тұйық адамдар айналадағының барлығы өзін ғана бақылап тұрғандай күй кешеді. Шындығында, бұл нарциссизмның қалыпты формасы.
3. Сыннан мақтан сөзге дейін. Мүмкін сіздің тұйықтығыңыз жолыңыз болмай қалған сәттерді үнемі есіңізге алумен байланысты шығар. Бірақ сіздің дәл осындай жетістіктеріңіз де бар. Позитивті ойлап үйреніңіз. Тіпті, табысқа кенелген сәттеріңізді, жетістіктеріңізді қағаз бетіне түсіріңіз.
4. Өзгелердің сөзіне сенбеңіз. Кейде салмақты мінезді тұйық болу қасиетімен шатастырып, адамға мүлде тән емес қасиеттерді таңып қояды. Олар сізді емес, сіз өзіңізді жасайсыз. Осыны ұмытпаңыз!
5. Сіздің ерекшелгіңіз қандай? Егер сұр тышқан болғыңыз келмесе, бойыңызды сенімді ұстап, өзіңізді осы қалпыңызда қабылдауыңызға тура келеді. Сондықтан не нәрсемен ерекшелене алатыныңызды ойлаңыз. Мүмкін гитарада немесе домбырада ойнайтын шығарсыз. Әлде ән айтасыз ба?
6. Бір нәрсені үйреніңіз. Өзгелермен сенімді сөйлесудің бір тәсілі – бір істің маманына айналу. Ол ролик айдаудан басталып, әдеби шығармашылыққа дейін жетуі мүмкін. Осылайша өзіңіздің өзгелерден әлдеқайда артық екеніңізді жақсылап дәлелдей аласыз.
7. Табыс туралы көбірек ойлаңыз. Мысалы, кездесуге бара жатқан кезде шалынып құлағаныңызды немесе талғамсыз киінгеніңізді емес, керісінше барлығының да сізді қуана қарсы алғандығын ойлаңыз.
Көзіңізді жұмыңыз да, қандай қимыл-қозғалыс жасап жатқаныңызды, жүрісіңіздің кербездігін, сөз сөйлеу мәнеріңіздің әуезділігін еске түсіріңіз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Yerlan Kidirov, вк желісінен