- Негізгі бет
- Психология
- Бәрі де өзің...
Бәрі де өзің үшін
Қартайған ағашшы демалысқа шықпақшы болады. Қожайыны көп жылдар өзіне қызмет еткені үшін ағашшыға рақмет айтып, ең соңғы рет бір үй салуын тапсырады. Ағашшы келіседі. Бірақ, жұмысты көңіл қоя істемей, қолының ұшымен қимылдап, материалдарды қымқырып, сапасыз құрылыс материалдарымен үйді салып шығады. Жұмыс біткен соң, қожайын ағашшының иығын қағып тұрып, шын пейілмен: «Мына үй сенікі, бұл менің саған берген тартуым!» дейді. Ағашшы аң-таң болады. Егер ол өзіне үй салатынын ертерек білген болса, онда ең жақсы материалдарды таңдап, ең озық техниканы қолданар еді. Өкінгенмен, ештеңе орнына келмейді.
Бәлкім, бәріміз ағашшы сияқты шығармыз. Әр күні біз қалаған кірпіш, біз шегелеген тақтай, бір жинаған қорған... Соңында амалсыз осы өзіміз салған үйдің ішінде отырамыз. Барлық жұмысты өзіміз үшін істеп жүргенімізді түсінуіміз керек, өзімізге жауапты болып, өзімізге шабыт бере алатын – ол өзімізге ғана керекті дүние. Сондықтан, өз жұмысыңызға селсоқ қарамаңыз. Әрқашан жауапкершілікпен, махаббатпен атқарған жұмыс өз нәтижесін бермей қоймайды.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: qq.com
M. Auelkhan