Бар адамның басын қосатын...

Бар адамның басын қосатын...

Адам баласының басын қосатын - қылық пен зат. Адам баласына ортақ қағидаттар. Ендеше, назарларыңызда:

Өтірік айту. Әр адам өмірінде бір рет болсын жалған айтып көрген шығар. Егер өтірік айтпағанына сендіріп жатар болса, онда дәл қазір көз алдыңызда алдап тұр деп ойлаңыз;

Құрметті екінші орынды иеленетін - қиял;

Тырнақты ұмытпайық. Әр адам 10 жыл ішінде бір рет болсын өз тырнағын кеміріп көрген;

Темекі. Статистика көрсетіп отырғандай, 21 ғасырдың әр адамы бір рет болсын қолына шылым алыпты;

Ана. Әр адам өмірінде ең аз дегенде "ана" сөзін 200 рет айтатын шығар. Бұл көрсеткіш кейбір адамдардың бір тәулікте айтатын ең қасиетті сөзіне жатады;

Сағыз. Бізбен бірге созылып келе жатқанына 142 жыл толыпты. Жер бетінде тәулігіне 100 тонна сағыз шайналады екен. Әр адам өмірде бір рет болсын шайнаңдап көрген. Ірі қалаларда 50 мыңға жуық сағыз жатқан көрінеді.

Шай. Статистикаға көз жүгіртсек, 19 ғасырдан бергі уақытта жер бетіндегі әр адам бер рет болсын бір кесе шай ішіп көрген;

Би. Кез келген адам би құдіретіне елітіп көрмеді десек...;

Ақша. Жер бетіндегі әр адамның қалтасынан тиын табылатыны сөзсіз. Және жер бетіндегі әр адам нарыққа өз ақшасын бір рет болсын шығарған.

сурет:vk.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига