Балықтардың жұлдызы - 19 ақпан мен 20 наурыз аралығында. Олардың мінезі, өмірге деген көзқарасы, өзіне тән қасиеттері туралы не айта аламыз?
Балықтар «тағдырдың» жазғанымен жүруді жөн көреді. Өмірінде ешнәрсені өзгерткісі келмейтін, бірақ тосыннан болған жағдайға қарсы жүрмейтін адамдар.
Балықтар өз армандарына толы әлемде өмір сүргісі келеді. Музыкаға үйір, ішкі жан дауысына құлақ түре жүреді. Біреудің махаббаты мен қолдауын сезбесе, күйзеліске түсуі мүмкін.
Балықтар жақсы музыкант, суретші, әртіс, мұғалім бола алады. Олар ашық, жарқын идеалистер, сезімтал және арманшыл болып келеді.
Сынды көтере алмайды. Психикасына зақым келтірмейтін ақпаратты ғана қабылдап, кейде өзін алдауға да барады. Гармонияны сақтау үшін ешкімге ауыр сөз айтпай, пікірін ішінде сақтауға тырысады. Балықтар эстетиканы аса бағалайды. Табиғатқа жақын, сұлулыққа құмар жандар.
Сезімтал, жабық мінезді балықтар интроверт болып келеді. Өзгелерден гөрі күйзеліске «оңай» түседі. Нәзіктігі мен сезімталдылығы қанша сүйкімді етіп көрсетсе де, одан өздері зиян шегеді.
Ер балықтар – арманшыл идеалистер. Жаны нәзік балықтар өмірде өз орнын табуға ынтық болғанымен, таңдау жасауда қатты қиналады.
Қоғамға оңай сіңісіп кетеді. Сыпайы және әдепті. Біреу жүрегін жараласа ұзақ уақыт күйзелісте жүреді.
Ер балықтар тез ғашық болады. Ашық, көзге түсетін қыздарға үйленгісі келеді.
Әйел балықтар – жұмбақ, тартымды, нәзік жандар. Ер адамдарды өзінің биязылығымен баурайды. Басқа адамның кейпіне еніп, әлек болмайды. Себебі өзінің табиғи сұлулығын – басты тартымды қасиеті деп ойлайды. Кез келген мәселені эмоция емес, ақылмен шешеді.
Қаржы мәселесін ер адам шешуі керек деп ойлайды. Бірақ отбасындағы адамдардың мәселелерін өзінің мойнына алуға әуес.