Балаңызбен қарым-қатынаста төмендегі фразалардың қайсысын жиі қолданатыныңызды белгілеңіз:
1. Саған қанша рет қайталап айтамын. 2
2. Маған ақылыңды айта қойшы. 1
3. Мен сенсіз не істер едім! 1
4. Сонша кімге тартқансың! 2
5. Сенің достарың қандай тамаша адамдар! 1
6. Түу, кімге ұқсағансың! 2
7. Мен сенің кезіңде ... 2
8. Сен менің тірегім мен көмекшімсің ғой! 1
9. Сенің достарың өзі қандай адамдар... 2
10. Сен тегі не ойлап жүрсің ?! 2
11. Сен менің ақылшымсың! 1
12. Ұлым, қызым. Сен қалай ойлайсың ... 1
13. Басқаның баласы бала сияқты да, ... 2
14. Сен қандай ойлап тапқышсың! 1
Енді жалпы ұпайды санап, жауапты табыңыз. Әрине, сіздің қандай ата-ана екеніңізді сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек Сізге ой салуға ғана беріліп отыр.
7–8 ұпай - Сіз балаңыз екеуіңіз бір-біріңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол Сізді жақсы сыйлайды. Сіздердің қатынастарыңыз тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік береді.
9–10 ұпай – Сіз қарым-қатынаста бірқалыпты емессіз. Ол Сізді сыйлағанмен әрқашан Сізге сырын ашып айта бермейді. Оның дамуы кездейсоқ жағдайлар мен оқиғалардың ықпалына түсіп кетуі мүмкін.
11–14 ұпай – Сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңызды өзгерту қажет. Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын жағдайларда қолдамайсыз. Оның оқшаулануына, балаңызбен конфликтілік (даулы) қатынасқа мүмкіндік береді. Ол тұлғаның өсуіне кедергі жасайды.
Дереккөз: anabol.kz