Балаңыз бақытты болсын десеңіз...

Балаңызға мына сөздерді жиі айтыңыз: 

♥ Мен сені жақсы көрем.

♥ Мен сені бәрінен де қатты жақсы көрем.

♥ Мен саған ашулансам да, сені қатты жақсы көрем.

♥ Сен менен қашықта болсаң да, мен сені сүйем, себебі менің махаббатым қашанда сенімен бірге.

♥ Егер мен әлемдегі қалаған баланы таңдап алатын болсам, мен бәрібір сені таңдар едім.

♥ Рақмет.

♥ Маған бүгін сенімен ойнаған ұнады.

♥ Менің ешқашан ұмытылмас күнім сенімен бірге өткізген күнім.


♣ Оның туылу тарихы туралы айтыңыз.

♣ Балаңызға қалай ат қойғаныңыз туралы.

♣ Бала кезінде алақанды аялағаныңызды айтыңыз.

♣ Оның жасындағы өзіңіз туралы да айтыңыз.

♣ Атасы мен әжесі қалай кездескенін айтыңыз.

♣ Сүйікті түстеріңізді айтыңыз.

♣ Қиындықтарыңызды бөлісіңіз.

♣ Жоспарыңызбен ақылдасыңыз.

♣ Қазір немен айналысып жатқаныңызды айтыңыз.


♦ Балаңызды әрқашан тыңдай біліңіз.

♦ Балаңыз ойыншықтары туралы айтып жатса, ол өте маңызды. Сондықтан оны мұқият тыңдау керексіз.

♦ Балаңыз қашанда сіздің көмегіңізге зәру екенін ұмытпаңыз.

♦ Балаңызға деген сезіміңізді сездіре біліңіз.

♦ Оның қандай ойы бар екенін біліп жүріңіз.

♦ Әр күнін қалай өткізгенін сұраңыз.

♦ Баланың бетін қақпай, белін буыңыз.

♦ Жан-жақты тәрбиелеп, дұрыс нәрселерге үйретіңіз.

♦ Ойыншықтардан үй салып үйретіңіз.

 

♠ Балаңызбен бірге тамақ дайындаңыз.

♠ Құстарға қарауға уақыт бөліңіз.

♠ Бос уақытыңызда бірге уақыт өткізуге тырысыңыз.

♠ Бірге ойыншық ойнап, көңіл көтеріңіз.

♠ Өзіңіз ойнамасаңыз да, қасында отырыңыз.

♠ Тосын сый жасап, көңіл-күйін көтеріңіз.

♠ Құймаққа шоколад салып беріңіз.

♠ Еденде отырса да, онымен бірге ойнаңыз.

♠ Балаңызға әрқашан күлімдеген көзіңізбен қараңыз.

♠ Бөлмеңізге кірсе, күліп қарсы алыңыз.

♠ Балаңыздың сұраған нәрселеріне шынайы жауап беріңіз.

Балаларыңыздың бақытты болғанын қаласаңыз, жылы-жылы сөйлеп, қашанда көңілін таба білуге тырысыңыз. Өйткені бала - біздің байлығымыз, ертеңге еге болар ұрпағымыз. 

Сурет: www.snowmilk.com.tw

Оқи отырыңыз:

Нағыз ер жігіт қандай қасиеттерге ие болу керек?

Жігіттің қызға айтқысы келетін 9 сөзі

Әйел затының болмысын түсіну үшін...

Жігіттер қыздармен қанша уақыт сөйлесе алады?