Арман адам талғамайды. Ол сенің жасыңа, жынысыңа немесе әлеуметтік жағдайыңа тәуелді емес. Бойың түгіл, ойыңа шақ келмес балалық шақтағы тәтті арман сонысымен ыстық. Айға асылған аппақ арманға еліткен сәби көңілі көкте қалқып, құзар шыңдарда қанат қағады...
Тағдыр тәлкегіне ұшырап, ата-ана жылуынан айрылған сәбилердің өмірі кез келген ойлы адамның кеуде тұсын бір қарып өтері анық.
Осы орайда, Мassaget.kz сайты Алматы қаласындағы №1 балалар үйінде болып, балалардың хал-жайымен танысып қайтқан болатын.
Балалар үйі тәрбиеленушілері нені армандайды? Олар болашақта қандай мамандық иесі болғысы келеді?
Бұл сұрақтардың жауабын бірге анықтайық...
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы, Шерхан Талапұлы
Сурет: ©Massaget.kz