- Негізгі бет
- Психология
- Балаға дауыс көтерген...
Балаға дауыс көтерген дұрыс па, бұрыс па? - Гули Базаровадан кеңестер
i-balaqai атты жаңа жобаның тікелей эфирінде психология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова кеңестерін айтты. Ол ата-ананың баламен қарым-қатынасы туралы, карантиннен кейін ажырасудың саны көп болмайтынын, тіпті отбасын құрғысы келетіндердің саны ұлғаятынын айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың үзіндісінің жазбаша нұсқасын дайындады.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы телефон операторы. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфирлер аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі, сағат 20.00-де Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан көре аласыздар.
i-balaqai жобасының екінші шығарылымы "Ресурстық жағдайда өзіңді өзің қалай ұстау керек" деген тесттен басталды. Көрермендер психологтың сұрақтарына "Иә", "Жоқ" немесе "Білмеймін" деп жауап беруі керек болды.
1. Мен, арасында, егер бұл менің қолымдағы дүние болса басқаша жасар едім деген ойда боламын.
2. Бірдеңе айтарда не істер алдында, оны ойға салып ойланамын, сондықтан көп жағдайда өзімді кінәлі сезінбеймін.
3. Үнемі мен не қалайтынымды білмейтіндей сезім болады.
4. Мен өзімді жақсы білемін және менің физикалық әлсіздігім ішкі қақтығыстан немесе жан дүниемнің жансыздығынан туындағанын ажырата аламын.
5. Мені жақындарымның немесе әріптестерімнің алдында мінсіз бола алмайтыным туралы ой жиі мазалайды.
6. Өзіме және өміріме дән ризамын.
7. Белгілі бір мәселеде ашуланып кетпеу үшін арнайы тәсілдерді пайдаланамын.
8. Кейде белгілі бір жағдайға мен ойлағаннан басқаша әрекет етемін.
9. Мен өмірімнің мағынасын түсінемін. Ол үйлесімді өмір сүруіме мүмкіндік береді.
10. Үнемі уақыт жетпейтіндей күйде жүремін. Өз күшіме қарамай өзіме көп аламын.
11. Таныстарыма және айналадағы жағдайларға байланысты қорқыныш ойы жиі мазалайды.
12. Қиын сәтте өзімді қолдай аламын, мүмкіндік болса эмоцияммен жұмыс істей аламын.
Әрбір "Иә" деген жауапқа 2, 4, 6, 7, 9, 12 - 10 балл. Егер "Жоқ" деп жауап берсеңіз 1, 3, 5, 8, 10, 11 - 10 балл. Ал әрбір "Білмеймін" деген жауапқа 5 балл.
"Егер жалпы 90 баллдан аз болса, ресурстар туралы, кез келген мәселені еңсеру үшін күшті қайдан алатынымыз туралы ойланған жөн. 90 баллдан аз болса өз өзіңізбен қалай жұмыс жүргізу керегін ойлану керек. 75 немесе 50 балл - үйлесімділік төмен және болып жатқан құбылысқа қалай әсер ете аламын деген ойды қабылдау", - деп түсіндірді Гули Базарова.
"Әйел адам өзінің табиғи қабілетін түсінуі маңызды. Өзін өзі дамытуды қабылдау керек, оның мақсаты - өзіңізді дамыта бастағанда өмірден ләззат алып, оның мәнін түсіне бастау. Сол сәтте ғана менде ресурстық жағдайда екенімді сезінемін".
Бұған дейін, психологтың айтуынша, әйел адамға 7 бағыт белгіленген: үй шаруасындағы әйел, қызметші, жауынгер әйел, кәсіпкер, еркін суретші, саясаткер әйел, жәрдемші әйел. Бұл зерттеуге барлығы 500 қыз қатысқан.
"Егер ер адам үй шаруасындағы әйелді көргісі келсе, ал бірге тұратын әйел басқа бағыттағы адам болса, өкінішке қарай, екеуі бірге бола алмайды", - деп түсінірді Гули Базарова.
Карантиннің алғашқы аптасында отбасында мәселе туындағанда, шетелдік тәжірибеге сүйеніп, ажырасулар саны көп болады деп болжанған. Психологтың бұл жайлы ойы басқа.
"Меніңше, егер карантин екі аптадай болған болса солай да болар еді. Бірақ карантинге байланысты жағдай тағы да созылса, отбасылық құндылық, жанұя мен қарым-қатынас нығая түседі. Ажырасудың бумы емес, керісінше үйлену тойлары көбейеді. Себебі адамдар қолдауды тек жақынынан ала алатынын түсінеді. Оқшаулану кезінде біз жабық кеңістікте жүреміз, барлық жағдайды бастан бірге өткізген жақын адамың ғана жан жылуын беріп, қол ұшын созып, "бізде бәрі жақсы болады" деп айтады", - дейді маман.
Гули Базарованың ойынша, оқшауланудың кесірінен вирус алғаш анықталған Уханда ажырасулар көп болған. Жұптардың карантинге дейін екі жаққа кету ойларында болды ма белгісіз, бірақ оқшаулану кезінде түсініспеушілік көп болып, мәселе туындаған.
Гули Базарова балаға дауыс көтеру-көтермеу мәселесіне тоқталып, оның әйелдің өзіне анамын деп қарай алуына қатысты мәселе екенін айтты. Сонымен қатар, ол тестілеудің бір сұрағын еске салды (тестілеуді жоғарыдан қараңыз): Мені ашуландырмайтын кез келген жағдайда өз-өзімді ұстай аламын ба? Балаға дауыс көтермеуге сабырым жете ме?
Психолог байланыс орнатуда және эмоцияны бақылауда ұстауға мүмкіндік беретін техникасын бөлісті.
"Ең алдымен, балаға, күйеуіңе сөйлерден бұрын, тіпті өз өзіңе ашуың келгенде, терең демалып, сабыр сақтаймыз: "Білдіретін реакция сырт көзге қалай көрінетін болады?". Бала келіп, әңгімелесе бастайды. Оған қолдау көрсетуіміз маңызды. Баламен сөйлесіп, оны тыңдауға дайын екенімізді көрсету керек", - дейді Гули Базарова.
Бала ата-анасымен сөйлесуге келгенде, істеп жатқан шаруаны қоя тұрып, оны тыңдауға тырысу керек. Артынша нақты сұрақ қою керек: "не, қалай, кіммен, қайда". Осылайша, үлкен адам қызығушылығын білдіреді. Одан кейін нақтылау кезеңі жүреді: "Сені дұрыс түсіндім бе? Менің түсінгенім бойынша, сен қазір ойнағың келіп тұр ма? Менің түсінгенім бойынша, сен қазір ол іспен айналысқың келмей тұр ма?". Содан кейін ғана пікір білдіріп, кеңес айту кезеңі басталады.
Бірінші, қолдау, нақтылау кезеңі, сосын түсіндіру, біз түсінгенімізді айтқан соң ғана пікір білдіру кезеңі басталады", - деді психолог. Ол бұл практика баламен байланыс орнатуда және қызығушылығын анықтауда қолданылатынын айта кетті.
Эфир қонағының сөзінше, көптеген ата-ана өз баласын өзге балалармен жиі салыстырады. Үлкен адамдар мұндай қадамға бала тәрбиесін анықтап, оған алаңдауға себеп бар-жоғын анықтау үшін барады екен. Психолог мұндай жағдайда балада қызғаныш пен жек көрушілік сезімі болатынын айтты.
"Ұлдар мен қыздарды салыстыру бірдей болады. Бірақ қыздар тілалғыш және көбіне анасының амбициясына сай келуге тырысады. Оны салыстырудың не қажеті бар? Тамағына тығылған өксік қашан жарылып шығады? Оны біз ешқашан білмейміз. Ал ұлдар көбіне өзінің "Мен" дегенінен қайтпайды", - деп түсіндірді психолог. Гули Базарова қыздарды ұлдарға қарағанда аз салыстыратынын айтты.
Сонымен қатар, психолог жоба серіктесі Altel ұялы телефон операторы қойған сауалдарға, оның ішінде балаларға қай жастан бастап Интернетті қолдануды үйрете бастаған жөн деген сұраққа жауап берді.
Гули Базарованың айтуынша, заманауи балалар түрлі гаджеттерді бала күнінен білетінін және оны үйретіп отырудың қажеті жоқ екенін айтты.
"Шынын айтсақ, баланы не пайдалы, не зиян екенін үйреткен дұрыс. Ол бір күнде, карантин уақытында шешілетін мәселе емес", - дейді психолог.
"Манипуляция, шектеу қою жұмыс істемейді. Тек ол жоғалтып алудан қорқатын байланысты орнату керек. Ол үшін маңыздысы сенім ғана. Ал жеткіншек жасында бұл мүлде басқаша әңгіме. Сені бала алдымен тексереді. Ол сізге қарап тұрып, жағдайды түсінеді", - деді Гули Базарова.
Тікелей эфирдің видеосын TengriTV-нің YouTube-арнасынан көре аласыздар.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларында және 7 арнаның YouTube-арнасынан тамашалай алады.
Сондай-ақ подкастты SoundCloud, Яндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.
i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы ой бөлісті.
i-balaqai жобасының келесі тікелей эфирін 23 сәуір сағат 20:00-де Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан көре аласыздар.
Т. Раушанұлы