Бала тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілік пен дайындық керек. Балаға өсе келе не айту керек? Оның дұрыс дамуы үшін не істеу керек?
Әр ана баласына сенетінін, оның қолынан көп нәрсе келетінін жиі айтып тұруы керек. Бала жастайынан өзіне сенімді болып өссе, бақытты, табысты болады. Бұған дәлел ретінде көп нәрсе келтіруге болады. Есіңізге түсіріп көріңіз, айналаңыздағы сенімді адамдардың қандай сыры бар? Оның ата-анасымен қарым-қатынасы қандай?
Егер бала бір ойын, конкурста жолы болмай, жеңіліп қалса, оны сөгудің қажеті жоқ. Керісінше, одан әрі жігерлендіріп, шабыттандыру керек. "Сенің қолыңнан келеді", "жеңіске ұмтыл", "бір күні жемісін көресің" деп қанаттандыруға тырысыңыз. Сонымен қатар, проблеманың шешудің көп жолы бар екенін айтыңыз.
Балаңыз қиындықтар мен қателіктердің қалыпты нәрсе екенін түсіне білуі керек. Қателіктің де бір пайдасы бар екенін түсіндіріңіз.
Балаңызға әр миллионер, табысты адамның да бала, шәкірт болғанын айтыңыз. Бала қателесудің қалыпты нәрсе екенін түсінуі керек. Мақсатқа жету жолындағы әртүрлі кедергілерге дайындаңыз. Табысты, бақытты болғысы келсе, төзімді, мақсатқа берік болуы керек екенін айтып, түсіндіріңіз.