Тилбург университеті философия факультетінің доценті (Нидерланд) Маттео Коломбо балалар неге неге? деген сұрақты қоятынын түсіндіре отырып, оларға жауап берудің қаншалықты маңызды екенін айтады. Сонымен қатар, балалар мен ғалымдар арасындағы өзара ұқсастықты да назардан тыс қалдырмайды. Менің жасым төртке келген кезде, анама алғашқы Неге? сұрағын қойдым. Анашым, неге Пиппо судың астында өмір сүреді?. Анам Пиппо біздің алтын балығымыз екенін, ал балықтар судың астында өмір сүретінін айтты. Бұл жауап мені қанағаттандырмады, сондықтан сұрағымды жалғастырдым. Ал, неге балықтар суда өмір сүреді? Біз неге суда өмір сүрмейміз?. Анам балықтар суда оттегі бөлу арқылы дем алатынын, ал адамдар суда дем ала алмайтынын айтты. Сонда мен алдыңғы сұрақтармен еш байланысы жоқ сұрақты қойдым. Мұз неден жасалады?. Жауап: Мұз судан тұрады. Екі күннен соң Пиппоны мұздатқыштан тауып алдық.Өзге төрт жасар балалар секілді, мені айналамда болып жатқан оқиғалар қатты қызықтыратын. Ересектермен сөйлесе бастасам неге бұлай, неге олай деген сұрақтар қоятын едім. Бұл көбісінің ашуына тиетін. Бірақ, олардың жауабын естіген кезде әлемді басқаша түсіне бастайтынмын. Кейде менің шығарған қорытындым сәтсіз аяқталатын (Пиппо оқиғасы секілді). Дегенмен, адастырған ойлар мен түсініктер маған жаңа әлемді ашуға көмектесті.Бірақ, бұған көмектескен ата-анамның, мені қоршаған адамдардың түсіндіре білуі еді. Жақсы түсіндіру деген не?Философия ғылымымен айналысатын мамандар түсіндіру дағдысын үшке жіктейді.1. 1960 жылы жазылған Карл Г.Гемпельдің жазба жұмысынан бастау алатын заңмен қамтылған түсіндіру моделі белгілі бір заңға бағына отырып, аргументтер келтіру арқылы іске асады.Егер бұл түсіндіру моделін қолданатын болсаңыз, Неге тутұғырдың көлеңкесі 10 метр ұзындыққа ие? деген сұраққа, оптикалық заңды, тутығырдың биіктігін, күннің орналасу бұрышын зерттеп барып жауап беруге тура келеді. Бұл түсіндіру моделі арқылы нақты және толық ақпарат беруге болады.2. Біріктіру моделі:Адамға белгілі бір нәрсені түсіндіру үшін оның жан-жақты байланысын зерттейді. Олардың өздеріне тән қағидаларын, ғылыми тұсы немесе себебі және болжамы осының бәрін біріктіре отырып жауап береді. Яғни, бір түсіндіру моделімен шектеліп қалмайды.3. Себепті түсіндіру моделі:Бұл философтар арасында кең танымалдыққа ие түсіндіру моделі. Модельдің негізгі қағидасына сүйенсек, ең жақсы түсіндіру әрекеттің не себептен орын алғанын зерттеуден басталады. Мысалы, Неге терезенің әйнегі сынды?. Дұрыс жауабы жоқ, бірақ мүмкін себебі бар: Өйткені, біреу тас лақтырған. Одан бөлек, біреу сізден Қан қалай дененің әр бөлігіне құйылады? деп сұраса, оған берілген жақсы жауаптың құрамында жүрек, қан-тамырлары және олардың қызметі туралы ақпарат болу керек.Бала Неге? деген сұрақ қойған жағдайда, оған жауап беріңіз. Өйткені, бұл баланың білуге, тануға деген қызығушылығының барын аңғартады. Әрине, философияда жіктелген әр түсіндіру моделін баланың жасына сай қолдану керек. Үш не төрт жасар бала физиканың заңын (өзге де ғылыми терминдерді) білмейтіні анық, сондықтан заңды қамтитын түсіндіру моделін қолдану баланың түсіну және ойлану үрдісін баяулатады.Ең тиімді тәсіл себепті түсіндіру тәсілі. Мысалы, Неге құстар жылы жаққа ұшады?. Жауабы: Өйткені,олар суықта өмір сүре алмайды, деген жауаптар оны қанағаттандырары анық. Балаға бір рет Білмеймін, мазамды алмашы деу арқылы оның әлемге дегені қызығушылығын жоғалтып аласыз. Сіз дұрыс түсіндіре білсеңіз, бала өзі-ақ ізденіп, белгілі бір қорытындыға келеді.