Бала бойындағы қатыгездік деген не? Қалай пайда болады? Ата-аналардың әсері қандай, қайтсе түзеледі? I-BALAQAI эфирінде сарапшылар осы мәселелерге байланысты өз ойын айтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
I-BALAQAI жобасының негізін қалаушылар – Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес – "Вконтакте" әлеуметтік желісі. Жоба аясында спикерлер тәжірибесін, пайдалы кеңестері мен ұсыныстарын ортаға салады.
Бүгін, 11 наурызда сағат 20.00-де I-BALAQAI YouTube-арнасынан көре аласыздар. Бала қатыгездігі тақырыбы бойынша спикерлер:
Психотерапия орталығының директоры, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының қабылдау бөлімінің дәрігері Сергей Скляр;
Балалар құқығын қорғау саласындағы қоғам қайраткері, әлеуметтік кәсіпкер, "Ангел" балалар қауіпсіздігі орталығының жетекшісі, Қазақстандағы балалар қауіпсіздігі бойынша алғашқы жаттықтырушы Зарина Жұмағұлова;
Психология ғылымдарының кандидаты, экзистенциалды психолог, гестальт терапевт Ирина Млодик;
Клиникалық психолог, нейропсихолог Назгина Мирза.
Жүргізуші: журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан тыңдай алады. I-BALAQAI жобасы аясында подкаст, пайдалы мақала, видео және басқа да пайдалы контенттер жарияланады.
Түсірілім жасауға локация ұсынғаны үшін RTS Decaux компаниясына алғыс білдіреміз.