Ғашықтар арасында болсын, жалғыздықпен күресіп жүрген қыздар арасында жиі айтылатын сөз: «дені түзу, жақсы бір жігітпен тұрмыс құруым керек еді немесе сондай жігіт кездестірсем ғой».
Қазір қоғамда жігіттерге берілетін бағаның төмендеп бара жатқаны өтірік емес. Бұл – әртүрлі әлеуметтік мәселеге байланысты қалыптасқан жағдай. Дегенмен қандайда бір жігітпен кездесуге барған кезде немесе алдыңызда кездесуге келіп тұрған жігіттің «жігіттігін» білгіңіз келе ме, көз жеткізіп барып қадам жасағыңыз келе ме, онда төмендегі кеңестерге көз жүгіртіп алыңыз.
Ішкі қорқынышын жеңе алатын қасиеті бар
Ерлердің бәрі батыр болу керек және олар қорқыныш деген білмеу керек деген ойдан ада болыңыз. Себебі жігіттер жағы да қорқады. Кімнен: дәрігерлерден, ақшасыз қалудан, көлік апаты сынды түрлі жағдайдан. Бұл – жалпы ер адамдарда болатын әрекет. Ал сізге керек жігіт ішінде болып жатқан қорқынышын жеңіп өз бетімен дәрігердің қабылдауына барып, ақшасыз қалмау үшін алдына мақсат қойып, көліп апатына түспес үшін көлікті мас күйінде айдамауға тырысады. Міне, бұл – сіздің іздегеніңіз!
Жеке бас гигиенасын сақтаушы
Кездесуге келген жігіттің бойынан өзіңзге ғана емес жалпы сырт көз қараса да теріс айналып кетер ұсқын байқасаңыз, бас тартыңыз. Бұл сіздің іздеген идеалыңыз емес. Себебі ер адамның да таза әрі тиянақты болып жүруі маңызды. Нағыз ерге тән ерекшеліктің бірі – тазалық.
Ер мен әйелдің психологиясын жетік түсінген
Олар сіздің және өзінің психологиясына келген кезде жетік болады. Сіздің табиғатыңыздан эмоцияға тез берілетін және тез жылап, тез ашуланатын қасиетіңіздің барын сезетін жандар. Олар сізді қалай бар солай қабылдауға дайын. Бұл – сіздің жігітіңіз!
Айтты, істеді
«Жігіттің екі сөйлегені өлгені» дейтін сөздің осында айтылуы керек. Себебі олар айтқан уақытында келеді, сол уақытта қайтады. Бір сөзбен алған кезде айтты, істеді. Бұл – нағыз жігітке тән қасиет.
Экономикалық сауаттылығы бар
Алған жалақысын келсін-келмесін шашатын емес, керісінше белігілі бір мүдде жолында жинақтаушы, сақтаушы, ақшаның бабын білетін ер адам, бұл – сіздің еріңіз. Себебі олардың болашағынан қорқыныш жоқ. Олар далада қалмайтын жандар.
Істеген ісін мойнымен көтереді
Жасаған қателік үшін жауап беруге, кешірімді алдымен сұрауға, бәрінің дұрыс болғанын қалайтын жігіттің көріп тұрсаңыз, жіберіп алмаңыз. Ол сіздің бақытыңыз болуы да мүмкін. Себебі қазір адам баласы кінәні өзінен гөрі өзгеден іздегенді жақсы көреді.
«Бала – бақытым» дейді
Әрбір кездескен ер-азаматтың түбі бір отбасы болып әке атанары анық. Дегенмен бәрі дерлік әкелік борышты тұрақты орындап, жегіне жеткізбейді. Ажырасып тынып жатады. Ал жігіттің түсінігі бала жайында дұрыс қалыптасып, әңгіме барысында баланы – бақытым деп атаса, қуаныңыз.