Жолы болмай жүрген кейбір жандар сәуегейге барып, бал аштырып жатады. Сәуегейдің жорамалына сай жоспар құрып, сол бағытта жұмыс істей бастайды.
Алайда өзіңізге өзіңіз бал аша аласыз.
Қалайша?
Біріншіден, үйде оңаша қалғанда, телефон, теледидарды өшіріп, ойыңызға түскен кез келген сөздерді қағазға жазыңыз. Бір-біріне қатысы жоқ па, бар ма, әзірше оған көңіл аудармаңыз. Сосын әрқайсысын жеке-жеке алып, сол сөзден таралатын ойлардан сызба құрастырыңыз. Мысалы, қыздардың көбін қызықтыратын тақырып: жігіт. Жігітпен қандай түсінікті байланыстырасыз? Төменде осындай сызбаның бір үлгісі берілген. Мұны өз талаптарыңыз бойынша дамытып, толықтыра беруіңізге болады. Енді осы сызбаны талдап көрейік.
Алдымен есімін жазасыз. Есімі сізге маңызды ма?
Қалталы: қанша ақшасы болғанын қалайсыз? Егер нақты сома басыңызда болмаса, жігітіңіздің де қалтасы бос болады.
Үйлену датасы: қашан тұрмысқа шыққыңыз келеді, нақты жазыңыз. Қазір ме? Кейін бе? Неліктен?
Ақылды: не жөнінен? Ашып жазасыз.
Бала саны: қанша балаңыздың болғанын қалайсыз? Неше ұл, неше қызыңыздың болғанын қалайсыз?
Сүйеді: қашанға дейін?
Көрікті: кейбір қыздар жігіттің көрікті болуы міндетті емес деп санайды, олай болса, мұның орнына басқа қасиетін жазасыз.
Алақанына салады: оны қалай түсінесіз?
Егер осы айтылғанды шамамен толық толтырып шықсаңыз, жақында күйеуге шыға аласыз, жолыңыз ашық. Ал толтыра алмасаңыз, онда ойланыңыз, не себепті тұрмысқа шыққыңыз келмейді?
Екіншіден, халқымызда «жақсы сөз – жарым ырыс» деген тамаша сөз бар. Сіздің күнделікті қолданатын сөздеріңізге қарап кім екеніңізді аңғаруға болады. Мысалы, қаржы тапшылығын тартып, қиналып жүрсіз. Енді ақшаға байланысты сөздеріңізді саралаңыз. Егер «құрысын, ақша жоқ, үнемдеу керек, болмай жатыр, қиналдым, ақша шақ келмейді ...» деген сөздерді жиі пайдаланатын болсаңыз, онда жақын уақытта байымайтыныңызды түсінуге еш сәуегей қажет емес. Сондықтан оның орнына миллионерлердің өмірлік тәжірибесін қолданып көріңіз.
Сәттілік тілейміз!
Сурет: Сергей Понамаренко
Ұқсас жазба:
Түс жори білесіз бе?