Арзан көлік қолданыңыз, бірақ қолыңыздан келгенше әдемі үй алыңыз. Жарыңызды таңдауда қателеспеңіз. Өйткені, бақыт немесе бақытсыздықты 90% осы таңдауға байланысты. Күніне ең аз дегенде 30 минут жаяу жүріңіз. Әр тамақтанудан бұрын және кейін шүкір етіңіз. Күніне 6 шыны аяқ су ішуді ұмытпаңыз. Сізді жақсы көретіндерге және мұқтаждарға қамқорлық жасаңыз. Қалам және күнделігіңізді үнемі жаныңызда алып жүріңіз. Уақыт пен сөздеріңізді бос нәрселерге жұмсамаңыз. Алғашқы көмек және денсаулық жөнінде ілімдерден хабардар болыңыз. Көз алдыңызда үнемі әдемі нәрселер болсын. Балаларыңызды жазаламастан бұрын, түсінуге тырысыңыз. Жоғалтатын ешнәрсесі болмаған адамдардан қорқыңыз. Отбасыңыздың мүшелерін жазғырғыңыз (айыптағыңыз) келгенде, тіліңізді тістеңіз. Бір адамның құпиясын жариялаудан бұрын екі рет ойланыңыз. Адамдардың жасаған жаман нәрселерін емес, келешекте жасайтындарын ойлаңыз. Өзіңізге қаламаған нәрсені басқаларға да жасамаңыз. Дереккөз: bilim-all.kz