Бақыттың құрамы

Бақыттың құрамы
Фото: econet.ru

• Арзан көлік қолданыңыз, бірақ қолыңыздан келгенше  әдемі үй алыңыз.

• Жарыңызды таңдауда қателеспеңіз. Өйткені, бақыт немесе бақытсыздықты 90% осы таңдауға байланысты.

• Күніне ең аз дегенде 30 минут жаяу жүріңіз.

• Әр тамақтанудан бұрын және кейін шүкір етіңіз.

• Күніне 6 шыны –аяқ су ішуді ұмытпаңыз.

• Сізді жақсы көретіндерге және мұқтаждарға қамқорлық жасаңыз.

• Қалам және күнделігіңізді үнемі жаныңызда алып жүріңіз.

• Уақыт пен сөздеріңізді бос нәрселерге жұмсамаңыз.

• Алғашқы көмек және денсаулық жөнінде ілімдерден хабардар болыңыз.

• Көз алдыңызда үнемі әдемі нәрселер болсын.

• Балаларыңызды жазаламастан бұрын, түсінуге тырысыңыз.

• Жоғалтатын ешнәрсесі болмаған адамдардан қорқыңыз.

• Отбасыңыздың мүшелерін  жазғырғыңыз  (айыптағыңыз) келгенде, тіліңізді тістеңіз.

• Бір адамның құпиясын жариялаудан бұрын екі рет ойланыңыз.

• Адамдардың жасаған жаман нәрселерін емес, келешекте жасайтындарын ойлаңыз.

• Өзіңізге қаламаған нәрсені басқаларға да жасамаңыз.

 

Дереккөз: bilim-all.kz

Т. Есқали