Бақыттың құны және өмір

Өмір – түсінсең комедия, түсінбесең – трагедия. Дүниеде өзінің ақымақ екенін білетін адамды ақымақ деуге болмайды. Өмірдің заңы: біреу арманына жетеді, біреу жанбай жатып сөнеді. Үмітінің шамы сөнеді. Ол кей сәттерде сізге бақыт әкелсе, кей сәттерде сізді қайғы теңізіне белшеңізден батырады. Сіз сол бір сәтте мына сөзді есіңізге алыңыз: «Уақыттық қуаныш сізге өмірлік көңілділік әкеле алмайтыны сияқты, уақыттық қайғы да сізге өмірлік көңілсіздік сыйламайды». Сіз қуанған кезде өзіңізді мәңгі бақытты екенмін деп, жұбанған кезде өзіңізді мәңгі бақытсыз екенмін деп ойламаңыз. Қуаныш артында жұбаныш, жұбаныш артында қуаныш жасырынар болар.

Ең зор ләззат – іздену мен шығармашылық;

Ең зор бақыт – басқаларға көмектесудің қуанышы;

Ең зор байлық – денсаулық, білім мен уақыт;

Ең зор азап – надандық пен білуге құлшынбау;

Ең зор қуаныш – достық пен сенім;

Ең зор табыс – тәжірибе мен сабақ;

Ең зор сезім – пәктік пен адалдық;

Ең зор ақымақтық – басқаларды алдау;

Ең зор арсыздық – намысын сату.

Ең бастысы өмір сіз болғаннан кейін, сіз жарық дүниеде жер басып жүргеннен кейін ғана өмір болып тұр. Сондықтан да, сіз бақыттысыз.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: woman.ru