- Негізгі бет
- Психология
- Бақыттылар рейтингін бастаған...
Бақыттылар рейтингін бастаған скандинавиялықтар: Бала тәрбиесінің 10 қағидасы
Скандинавиялықтар бақытты адамдар рейтингін бастап тұр және олардың бала тәрбиелеу жүйесі әлемдегі ең тиімді жүйе ретінде танылған.
Ауа-райының жаманы болмайды
Скандинавия елдеріндегі суық климатқа деген көзқарас ерек. Мектептегі Жаратылыстану сабақтары Гринвичтің шығысындағы бойлықты есептеуге емес, ауа райына сай киінуге көбірек көңіл бөледі. Мектепте және балабақшада балалар әрқашан таза ауада серуендейді немесе үлкен үзіліс жасайды және бұл әрекет сыртта жаңбыр жауып тұрса да жүзеге асады. Қар ма? Керемет! Балалар сабақ арасында тынығуы және ойнауы керек.
Скандинавиялықтар балаларға ауа райына сай киінуді үйретеді. Аналар ауа-райы қолайсыз жағдайда балаларын үйге қамап қоймай, дұрыс киіндіреді.
Балаларды жазаламайды
Барлық Скандинавия елдерінде айғайлау немесе ұру секілді жазалау түрлеріне тыйым салынған. 1979 жылы Швеция ата-аналарға балаларын жазалауға тыйым салған әлемдегі бірінші ел атанды. Бұл негізінен Астрид Линдгреннің Бейбітшілік премиясын алған кезде сөйлеген әйгілі сөзінің арқасында болды. Жазушы барлық елдердің ата-аналарын тәрбиелеу әдістерін қайта қарауға шақырды, өйткені кез келген зорлық-зомбылық агрессия мен соғыс тудырады. Швед немесе фин тілінде «жаман бала» деген тіркесті есту ықтималдығы нөлге тең.
Қажиева Бекзат Тасболатқызы педагог-психолог: "Бала дегеніміз өсіп келе жатқан тұлға. Оған тәрбиелеу мақсатында жазалау түрлерін қолдану, "дегенімді істемеді" деп төмпештеп ұру, қамап қою дұрыс емес. Оның ойын тыңдап, баламен санаса отырып тәрбиелеу керек. Егер баланы жазалай отырып тәрбиелейтін болсақ, бұл оның дамуының тежелуіне әкеледі. 2010-нан кейінгі өмірге келген альфа ұрпақтарын мүлдем ұрып-соғуға болмайды. Өйткені олар агрессияға өте бейім келеді. Қолдарында гаджет басқалар соған әсер етеді. Оларды жазалау соңы суицидке алып келуі мүмкін. Сондықтан баланы махаббатпен тәрбиелен дұрыс. Қазақы тиым салуларды – "Есікке керілуге болмайды" деген нәрселерді қолданған дұрыс. Балаға оның мәнін ашып айтсаң ол да түсінеді. Жазалаудың түбі баланың тұйықталуына алып келеді".
Әке мен шеше тең
Скандинавия елдерінде адамдар некені сақтауға бейім, мысалы, Финляндияда отбасылардың 80% -дан астамы толыққанды. Дәл ананың балаларға айрықша құқығы болмағандықтан, ата-аналар мұрагерлер мен өмір үшін жауапкершілікті бөлісе отырып, барлығын бірге жасайды. Айтпақшы, декреттік демалысқа анасы емес, тиімдірек болады деген қарапайым себеппен аз жалақы алатын адам шығады.
Скандинавиялық ана өзіне уақыт бөледі. Анасы да, әкесі де ата-аналар жиналысына қатысады, сонымен қатар баламен серуендейді, қиын сабақтарға көмектеседі, балаларға қамқорлық жасайды және оларға кешкі ас дайындайды. Скандинавиялық ана бүкіл отбасын жалғыз «сүйремейді», оның хоббиіне, білім алуға және достарымен кездесулерге уақыты бар.
Балалардың пікірі маңызды
Бала таңдау жасауға үйренеді. Балаларына тек жайлы жағдай жасап қоймай, оларды толыққанды тұлға етіп тәрбиелейді. Жалғыз ерекшелік 18 жасқа дейінгі балаларға алкоголь мен темекі шегуге қатаң тыйым салынады.
Скандинавиялық ана балаларды өз пікірін қорғауға үйретеді. Ол тамақ әзірлеуді бастамас бұрын әрқашан баланың не жегісі келетінін сұрайды. Ол балаларға пайдалы тағамды тыйымдар мен шектеулер арқылы емес, өз үлгісімен түсіндіреді. Айтпақшы, балаларға өнімдерді таңдау тәжірибесінің кең таралғаны сонша, тіпті кафелерде тек картоп пен сүт коктейль ғана емес, балаларға арналған толыққанды мәзір ұсынылады.
Балалармен көп уақыт өткізеді
Швецияда немесе Норвегияда балаларды барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін екі жұмыста үстеу әдетке айналмаған. Ата-ананың назары басты құндылық болып саналады. Жұмыс күнін кешкі алтыға дейін аяқтау (осы себепті дүкендер мен мекемелердің көпшілігі ерте жабылады) және бос уақытын отбасына арнау әдетке айналған. Ал отбасы мектеп ұжымына өте жақын. Ата-ана баласының ұстаздарын білмеуі мүмкін емес. Ата-аналар жиналысы аптасына бір рет, ал 2-3 аптада бір мұғалімдермен жеке консультацияларға қатысады. Скандинавиялық ана балаларға маңызды құндылықтарды үйретеді.
Балаларды жауапкершілікке үйретеді
Бастауыш сыныптан бастап балалар мектепке өз бетімен барады. Айтпақшы, жетістіктерімен мақтану әдепке жатпайды. Баланың өз құрбыларының арасында ерекшеленетін максимум – бұл спорттық жетістік, өйткені салауатты өмір салтының негізі ретінде спортқа көп көңіл бөлінеді.
Скандинавиялық ана балаларды тәуелсіздікке үйретеді. Балаларды мектепке көлікпен апармайды, сөмкелерін жинамайды. Ойыншықтарды тазалау, қоқыс шығару, үй тапсырмасын орындау, ата-аналарға көмектесу, гүлдерді суару және т.б. баланың өз міндетінде.
Балаларды өз денсаулығын күтуге баулиды
Скандинав елдерінде денсаулық бірінші орында. 38 градус температура емханаға баруға себеп емес, егер сіз ауырып қалсаңыз, онда өзіңіз әрекет етіңіз. Скандинавияда «суға батып бара жатқан адамды құтқару – сол адамның өз ісі» деген қағидаға байланысты аурудың алдын алу отбасының ең маңызды міндеті саналады. Балаларды шыңдауға, ұзақ жорықтарға шығуға, дұрыс тамақтануға, жақсы демалуға үйретеді.
Скандинавиялық ана балалардың денсаулығына қамқорлық жасайды. Балаларының тісіне ерекше мән береді. Мысалы, Норвегияда стоматологиялық қызмет 18 жасқа дейін тегін, одан кейін айтарлықтай қымбат. Сондықтан аналар балаларының тістерін бірінші тістері пайда болғаннан-ақ тазалай бастайды.
Балаларды сыйластыққа тәрбиелейді
Мұнай табылғанға дейін Норвегия таза аграрлық және кедей ел болған, сондықтан ірімшік, нан және сүт сынды қарапайым тағам мұнда әлі де жоғары бағаланады. Сән-салтанат түсінігі ақшамен емес, демалыс күндері өзіңіздің жазғы коттеджіңізге аттанумен бағаланады. Таза ауа және табиғатпен байланыс – жоғары өмір сүру деңгейінің басты критерийі. Сонымен қатар, скандинавиялықтар үшін болашақ ұрпақты сыйластық пен әлеуметтік теңдікке үйрету өте маңызды, сондықтан «Өзіңді ерекшемін деп ойлама, өзіңді басқалардан артық санама» қағидасы әлі де қолданыста. Скандинавиялық ана табиғатты қорғауға үйретеді.
Балаларға әлемді кез келген жолмен зерттеуге рұқсат етіледі
Финляндияда немесе Швецияда, баланың өміріне қауіп төндірмесе, оның өз бетінше әрекет етуіне тыйым салу әдепке жатпайды. Өскелең ұрпақ дүниені осылай таниды, ал бұл процеске араласу балаларды баға жетпес тәжірибеден айыру дегенді білдіреді. Сондықтан балалар нөсер жаңбырда суық тиіп қалады демей еркін ойнай алады.
Скандинавиялық ана сіздің әрекеттеріңіздің салдарын көруге үйретеді. Ол балаға шалшықта отыруға тыйым салмайды. Егер ұлы немесе қызы ақырында ауырып қалса, ол мұның неліктен болғанын түсінеді.
Әжемен бір үйде немерелер емес, ата тұрады
Барлық сапарларда және достарымен кездесулерде ата-аналар балаларын өздерімен бірге алып кетеді. Финдер, даниялықтар, норвегиялықтар бала тәрбиесін әжелеріне тапсырмайды, тіпті ауыр жұмыс істесе де. Балаларға қамқорлық жасау үлкендердің жеке міндеті деп саналады. Аталар мен әжелер өз өмірлерін толыққанды өткізеді – жұмыс істейді, демалады, марафондарға жүгіреді немесе немерелері үшін қоршаған ортаны сақтау үшін күреседі. Скандинавиялық ана балаларды аға ұрпақты қабылдауға үйретеді.
А. Оралқызы