- Негізгі бет
- Психология
- Бақытты сәттердің суреті...
Бақытты сәттердің суреті бақытты етеді
Көптеген махаббат жұптары әлеуметтік желілерге қосағымен түскен бақытты сәттердің суреттерін іледі. Лора Р. Саслоу есімді психолог бұған қатысты өзекті мәлімдеме жасады.
Психолог маманның айтуы бойынша, бақытты сәттерді бастан кешіріп жатқан, күлкі-қуанышқа толы суреттер адамдарды расында да бақытты ете түседі. Ол мұндай шешімге әлеуметтік желіде жасалған зерттеуден кейін келіп отыр. Зерттеуде 18 жастан асқан әрі некелескен жастар әлеуметтік желіге қуанышты суреттерін салудан кейін арнайы сұрақтарға жауап берген.
Ең бірінші кезекте өзінің жеке және жұбының суреттерін жеке түрде әлеуметтік желіге ілген соң, қарым-қатынас жақсарғанын, ал суреттерді жарияламай тұрғанда мұндай қарым-қатынастың болмай келгенін айтып берген. Содан кейін ғана, жұптың бірге түскен суреттері жарияланған соң, олар шын мәнінде де отбасы құрғанына өкінбейтінін және үйленген соң, махаббаттың бүршік атқанын мойындаған. Ал үшінші зерттеуде суретке бірге түскен жұптар блогтарында және посттарында жұбына деген ерекше сезім мен сенім туғанын жазыпты.
Ендеше, жұбыңызбен бақытты бола түсу үшін бірге түскен суреттеріңізді әлеуметтік желіге салудан тайынбаңыздар!
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: wictoria.ru
А. Құлтай