Бақытты жұп болу үшін бір-бірін кіршіксіз сүю жеткіліксіз. Көзсіз сезім суыған кезде, адам бір-бірінің кемшілігін көре бастайды. Сондай сәтте оларды сүйген адамын кемшілігімен қатар қабылдау білуге ережелер керек.
1. Өзгеріске ашық болу
Өмір бір орында тұрмайды. Адамдар да, өмір сүру заңы да өзгереді. Көзқарас та өзгеруі мүмкін. Соны қабылдап, жаңа нәрсеге ұмтылыс болуы керек.
2. Өз оқиғаларыңызды жаңартып отыру
Бір-біріңіз туралы бәрін білсеңіздер де, махаббат хикаясы ешқашан тоқтамауы керек. Оған жаңа эмоциялар мен әсерлер беріп, жаңа өмір сыйлаған жөн. Жалыға бастаған сәтте бірге саяхатқа шығыңыз.
3. Бір-бірінен үйрену
Егер білмейтін нәрсеңіз болса, оны айтудан ешқашан жасқанбау керек. Қасыңыздағы серігіңізден көмек сұрауды да үйренген жөн.
4. Қарым-қатынас жайлы өзгеге айтпау
Қарым-қатынас өзінің беріктігін сақтап қалу үшін тек екі адамға ғана белгілі құпиялар болғаны жөн. Өзге адамдармен, тіпті, жақын адамдарға бәрін ашық айта беруге болмайды.
5. Мәселелерді ашық айту
Арадағы мәселе өздігінен жоғалады деп сеніп оны жасырып қалуға болмайды. Ол жиналып өкпе-ренішке айналып, кейін көңіл қалу мүмкін. Одан да арадағы шешілмеген сұрақтарды өзара талқылап, жауап бірге іздеген жеңірек әрі жылдам.