- Негізгі бет
- Психология
- Бақытты болуға кедергі...
Бақытты болуға кедергі келтіретін 5 нәрсе
Әркім бақытты әрқалай сезеді. Біреулер бақытты нақты заттар - пәтер және көліксіз елестете алмайды, ал басқалар оны нақты әлеуметтік статуспен байланыстырады. Кей адамдар оны жан-дүниесінің жағдайымен анықтайды. Бірақ өзін бақытсыз сезінетін адамдар да бар. Өзіңізді бақытты сезінуге не кедергі келтіреді?
1.Өміріңізді кейінге қалдырасыз
Үйді өз талғамыңыз бойынша безендіргіңіз келеді, бірақ "өз үйім болғанда жасаймын" деп кейінге қалдырасыз. Көп ақша тапқыңыз келеді, бірақ "арманымдағы жұмысты тапқанда бәрі болады" дейсіз. Жылдар өтеді, бірақ өміріңізде еш өзгеріс болмайды. Сіз өзіңізге өмірді қазір сүруге тыйым салып, белгісіз болашаққа ысырып жүргендейсіз.
Сол секілді кей адамдар өмірдің нақты сәттерінде бақытты боламын деп ойлайды. Мысалы: күйеуге шыққаннан кейін, қандай да бір соманы жинаған соң, бала дүниеге келген соң немесе қалаға көшкен соң. Алайда олардың бірі шынымен орындалған кезде бақыт сезімі болмауы да мүмкін.
2. Барыңызды бағаламайсыз
Есейгенде жасөсіпірім немесе жас кезіміздегі суреттерді қарап отқанда, ондағы өзімізді мүлдем басқаша қабылдаймыз. Ол кездері өз-өзіңіге көңіліңіз толмауы мүмкін: шаш үлгіңіз, дене пішініңіз немесе басқа да нәрселер ұнамаған болуы мүмкін. Алайда сол суреттерге қарап отырып, сол кезде не және не үшін ұнамағанын есіңізге түсіре алмауыңыз да мүмкін.
Адам өзінде бар материалдық болсын, материалдық емес (отбасы, достар, хобби) болсын нәрселерді болу керек қарапайым нәрсе секілді қабылдайды. Алайда бұлардың әрқайсысы өзіңізді бақытты сезінуге ықпал ететін негізгі факторлар екенін ұмытпаған жөн.
3. Өзіңіздің емес, басқаның өмірін сүргіңіз келеді
Қазір адамдар әлеуметтік желілердің және өмірлерін көрсететін атақты блогерлердің әсеріне берілген. Сол үшін көпшілікте осы нақты нәрселер, сапарлар, кештер бақыт сезімін сыйлайды деген қате пікір қалыптасады. Бұл нәрселерге дұрыстап ойланып қараңыз: сізді олар шынымен де бақытты ете ме әлде сізге бақыт сыйлайтын басқа нәрселер ме?
4. Қазіргі сәттен ләззат алуды білмейсіз
Жағымды және қуанышты сәт әр күнде бар. Бірақ оларды барлық адам бірдей байқай алмайды. Көпшілік өз сезімдеріне мән бермейді және қазіргі сәтке қуана білмейді. Оны үйрену үшін өз-өзіңізбен жұмыс жасау керек болады. Тап қазір қандай сезімдесіз: таңғы асыңыз дәмді шыққан, радиодан жағымды музыка ойнап тұр және т.б. Күнде кешкісін күні бойы орын алған 5-10 жағымды нәрсені жазып отыруды әдетке айналдырыңыз. Осылайша, айналаңыздан жақсы нәрселерді байқауды үйренесіз.
5. Қателіктерден қорқасыз
Адам қателіктер жіберу арқылы өмір сүруді үйренеді. Сондықтан жаңа нәрселерді жасап көріңіз, қателесіңіз және қайтадан алға жылжыңыз. Сондай-ақ өткен қателіктер үшін өзіңізді жегідей жеудің қажеті жоқ. Қорытынды жасап, ары қарай жүріп үйреніңіз.
А. Жапатова