- Негізгі бет
- Психология
- Бақытты болудың қарапайым...
Бақытты болудың қарапайым тәсілдері☺
Өмірде барлығы адамның өз ойына қатысты екенін жазғанбыз. Өмірге өкпе арта берсек, біздің әр шағымымызды ми арман деп қабылдап, соған қарай жақындай береді. Сондықтан бақытты өзіміз алдымен миымызда құруымыз керек. Мына тәсілдерді сынап көріңіз:
☺ «Мен бүгін жаныма жайлылық сыйлайтын не істей аламын?» деп ойланыңыз.
☺ Күніне 4 километр жаяу жүріңіз. 500 метр қазір, сәлден соң 500 метр жүремін деп емес, тұтастай орындаңыз.
☺ Су ішіңіз! Ағзаңыздағы күйзелісті осылай да жуып тастауға болады.
☺ Өзіңізге «Мен осыған рұқсат беремін!» деп жиі айтыңыз.
☺ Таңертең жақсы көретін ісіңізбен айналысыңыз. Күніңіз жақсылықпен басталса, аяқталғанша сол қалпын сақтайды.
☺ Аптасына бір күнді ештеңе істемеуге арнаңыз. Жұмыстарыңызды басқа күндері аяқтап, бір күн бойына тек қана сүйікті істеріңізбен айналысыңыз. Жақсы көретін коктейліңізді жасап ішіп, жай ғана кітап оқып жатыңыз не фитнеске барыңыз, билеңіз. Басқа ештеңе істемеңіз. Бұл ең маңызды рәсім.
@. @assel_assanova