- Негізгі бет
- Психология
- Бақытты болу үшін...
Бақытты болу үшін
Австралиялық университеттің ғалымдары адамға бақытты болу үшін үш-ақ нәрсе қажет деп тапқан.
Психологтардың есептеуінше, ең маңызды үш фактордың бірі – ақша. Екіншісі – өміріңде сүйікті адамыңның болуы. Ғалымдар адамның жеке өмірінің сәтті болуы ақшадан маңыздырақ екенін атап өтеді. Адам бақыты үшін қажет үшінші нәрсе – әлеуметтік белсенділік. Адамның қоғамдағы орны оның бақытына тікелей ықпалы бар көрінеді.
Бір қызығы, ғалымдар адам денсаулығын бұл тізімнің қатарына қоспайды.
Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова
Сурет: self-development.su